Tag «Біздің сәбиіміздің есімі —»

Біздің сәбиіміздің есімі — Хақназар

Біздің балапанымыздың есімі – Хақназар, әкесі қойды. Бұл есімді таңдауымыздың екі түрлі себебі бар. Біріншісін айтсақ, Хақ – Алла Тағаланың 99 көркем есімдерінің бірі. Сондықтан, перзентімізді, ең алдымен, Жаратушы Иеміздің назарында болсын деген ниетпен осылай атадық. Себебі балаға жақсы ат қою – пайғамбарымыздың сүннеті. Қазақ – ырымшыл халық. Қашан да жақсыға құмар. Соған сай «жолын …

Біздің сәбиіміздің есімі — Іңкәр

Біздің сәбиіміз — Іңкәр Талғатқызы, 2011 жылдың 18 маусымында туылған. Жылы — қоян, жұлдызнамасы — шаян. «Іңкәр» сөзінің астарында өмірге деген құштарлық, адамдарға деген сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет сезімі бар. Бұл есім естіген құлаққа да жағымды. «Қызымыз өмірді, адамдарды, айналасындағы жақындарын жақсы көре білсін,

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана. Былай қарағанда ерекше ештемесі жоқ, жай ғана қарапайым аттардың бірі. Бірақ сол бір жалғыз сөз, жалғыз есім мен үшін барша әлем. Айдана деп қызымның әкесі қойды. Аңсап күткен тұңғышымызды, денсаулық жағдайма байланысты, жүктілікке 8 ай толғанда шұғыл түрде кесар тілігімен, ота жасау арқылы, дүниеге әкелдім.

Біздің сәбиіміздің есімі — Жанеркен

Жанеркен

Жанеркен — апасы мен атасының ерке баласы. «Алғашқы немереміздің атын кім қоямыз?» — деп, атасы мен апасы көп ойланды. Небір кітаптар мен Интернеттен қызық әрі ерекше есімдерді іздеумен талай айлар өтті, бірақ лайықты есімді ешкім айта алмаған. Жанеркен дүниеге келген күні атасы өз бөлмесінде жатып, «Немерем қандай болады екен?» деп ойланып жатады. Немересі әкесіне, яғни ұлына ұқсаса …

Байқау: Біздің сәбиіміздің есімі…

Біз журналымыздың екі санында бір рет шығатын «Біздің сәбиіміздің есімі…» атты байқау ұйымдастырамыз. Журналдың алғашқы санында жарияланатын бірінші байқауға хаттар мен фотоларды қабылдау он бесінші шілдеге дейін жалғасады.

Яндекс.Метрика