Баланы неге ұруға болмайды?

Балаңызды ұрғаныңыз үшін ешкім сізге рақмет айтпайды. Өзінің баласын ұратын адамдар да басқа біреудің баласын ұрып жатқанын жақсы көрмейді.

Бала тәрбиесінде қатыгездікке бой алдырған адамдардың ұрып-срғуларына орын болмау керек. Оның салдары ешқашан пайдалы нәтижеге әкеп соқпайды. Осы мақалада баланы ұрудың 7 зиянды салдарына тоқталамыз. Әрине, баланы ұрудың зияны жетеумен шектелмейтіндігі анық. Бірақ бұл мақалада негізгі деген жетеуін қарастырамыз.

1) Баланы ұру балаға ұруды үйретеді

Балалар үлкендердің істегендерінің барлығы дұрыс және олардың істегендерін істеуге болады деп ойлайды. Сіз балаңызды ұрсаңыз, таяұ жеген бала ертеңгі күні өзінен кіші бауырларын ұрады. Неге ұрдың? десеңіз, сіз де мені ұрдыңыз емес пе?! дейді. Бұл (баланы ұру) балаларыңыз есейіп, ата-ана болғанда олардың бойларынаг табылып жатса, оған ең басты кінәлі адам сіз боласыз. Егер қартайып, тәтті немерелеріңіздің ата-анасының аялы алақынын тек аймалаушы ретінде емес, сонымен қатар соққылаушы құрал ретінде көргенін қаламасаңыз, бала тәрбиесіндегі олқылықты өзіңіздің бойыңыздағы қатыгездікті жоюдан бастаңыз.

Ата-аналардың барлығы жердік балаларын ашу үстінде, жүйкелерінің қозған уақытында ұрады. Күйеуімен ұрысып қалған әйел ойнап отырған балаларына: «Ойыншықтарды жинаңдар деймін сендерге!» деп те ұрса салуы мүмкін. Тазы ашуын тырнадан алады дегендей, жазықсыз балалар үлкендердің азу-ызасын шығаратын нысана болмау керек.

2) Ұру баланы өзі үшін құрметсіз етеді

Балалар «Мен жақсымын, сондықтан маған бәрі риза» деп ойлайды. Ал оған үлкендер ұрысса, «Демек, мен жақсы бала емеспін» деп ойлайды. Осылай ойлау арқылы бала өзіне деген құрметін жоғалта бастайды. Айналасындағы адамдардың өзіне деген қатынасын бала шынайы сараптап, қортынды шығара алмайды. Ол ата-анасының ашумен ұрсып тұрғанын, өзінің жазықсыз екендігін білмейді.

3) Баланы ұру ата-ананың әлсіздігін көрсетеді

Баламен бала болып, оны дұрыс тәрбиелей алмаған, айтқандарына көндіре алмаған ата-аналар рухани тұрғыда, өмірлік тәжірибе тұрғысынан өте әлсіз болып келеді. Ондай адамдарда баланы дұрыс тәрбиелеу әдістері мен амалдары туралы қарапайым ғана білім жоқ. Мүмкін, олар баласына физикалық тұрғыда жақсы күтімжасайтын болар, бірақ бала тек физикалық күтімді қажет ететін мал емес қой.

Балаларына дұрыс тәрбие бере алмаған, дұрыс амалдарға баули алмағңан ата-аналар бала тәрбиесіндегі өздерінің осалдықтарын түсінсе, өзідеріне деген құрметтері азаяды. Себебі, ондай адамдар бала тәрбиесіндегі біліктілік тұрғысында өздерін басқа адамдардан төмен санайды.

4) Ата-анаға деген құрметі азаяды

Көп таяқ жейтін балалар өзінің ата-анасын таяқ жемейтін балалардай құрметтемейді. Оның еш құпиясы жоқ. Біреуден қорлық көрген, азап көрген адам қашан ол адам жайлы оң көзқараста болады, оны қалайша жақсы көреді? Әрине, жақсы көрмейді, құрметтемейді. Жас балаларда ата-ананы қандай жағдайда да сыйлау керек, оларға қарау керек деген түсінік жоқ. Олар болған жағдайды сол қалпында қабылдайды.

Баласына қатыгездікпен қарап, ұрып-соғып өсірген адамдардың баласы есейді делік, үлкен азамат болып өсті делік. Бірақ ата-анасының берген тәрбиесі арқылы емес, өмірден алған сабақтары арқылы өскен болсын делік. Сонда, ол өмірдегі жеткен жетістіктері үшін бала ата-анасына қандай тәлім-тәрбиесі үшін рақмет айтады?

5) Ұру арқылы баланың тәртібі түзелмейді

Анық жағдай: баланың тәртібі оны ұру арқылы түзелмейді. Онда, кейбір ата-аналар өз балаларын неге ұрады? мұндай жағдайда баланы ұру арқылы тәрбиелеуге болмайтындығын білмейтін, білсе де ұратын ата-ананың өзі соққыға лайық. Олар, ересектер, ұрудың не екенін, қателіктері үшін жазаланғандықтарын түсінеді, ал балалар түсінбейді.

6) Баланы ұру оның бойында дене және сана жарақаттарын тудырады

Балаңызды қатты ұратын болсаңыз, оның денесінің зақымдалатыны анық. Бірақ ашу үстінде ұру мен жүйкесі жұқарған адамдардың ұруы ұру барысында ойлануға мүмкіндік бермейді. Ойланбағандықтан себепсіз болса да ұра береді. Ұрудың зардаптары жайлы мәселе қызықтырмайды.

Балаңызды қатты ұрсаңыз тек денесі ғана зардап шекпейді, сонымен қатар санасына да ауыр зардап келеді. Зұлымдыққа толы болған «тәрбие» баланың зияткерлік дамуына кері әсер етеді. Баласының санасының шолақ болу қай ата-анаға керек?!

7) Ұру баланың балалық шағын қызықсыз етеді

Бала ата-анасының соққыларынан қліп кетпей, тірі қалса, өзінің кішкентай кезіндегі балалық шағы туралы жақсы ойда бола қоймайды. Сағынышпен еске алатындай қандай қызықты балалық бал дәурен болады, егер болмашы қателігі үшін үлкендерден таяқ жесе, сөгіс алса, небір балағат сөздерді естісе?!

Ұқсас мақалалар

Бала тәрбиесі жатырда басталады

Тсс! Жаман сөз айтпа…

Балаңыз өтірік айта бастаса…

Балаңыздың алдында айтылмайтын әңгімелер

Баланы неге ұруға болмайды?

ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі

Яндекс.Метрика