Біздің сәбиіміздің есімі — Хақназар

ХақназарБіздің балапанымыздың есімі – Хақназар, әкесі қойды. Бұл есімді таңдауымыздың екі түрлі себебі бар. Біріншісін айтсақ, Хақ – Алла Тағаланың 99 көркем есімдерінің бірі. Сондықтан, перзентімізді, ең алдымен, Жаратушы Иеміздің назарында болсын деген ниетпен осылай атадық. Себебі балаға жақсы ат қою – пайғамбарымыздың сүннеті.
Қазақ – ырымшыл халық. Қашан да жақсыға құмар. Соған сай «жолын қусын, абыройы ассын» деген ниетпен ақын, батыр, би-шешендердің есімін беріп жатады. Ұлымызға осы есімнің қойылуының екінші себебіосында жатыр. Яғни, 42 жыл қазақ даласын билеген Хақназар хандай болсын деген тілек. Хақназар хан өз заманында қазақтың шекарасын кеңейткен, көрші елдермен бірлікте болған, елдің іргесін бүтіндеген аса ақылды билеуші болған екен. Ұлымыздың да хан болмаса да, хан сияқтыабыройлыболғанынқалаймыз.

Яндекс.Метрика