Бедеулік және оның себептері

Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда ана болу бақыты кез келген әйелге бұйырмайды немесе көп жылдардан соң ғана мүмкін болады. Бала тууға қәбілетті жастағы әйелдердің сәби сүйе алмауын «бедеулік» деп атайды. Бедеуліктің себептері мен диагностикасы және одан құтылудың жолдары туралы қысқаша осы мақаламызда әңгімелейтін боламыз.

Бедеулік деген не?

Бедеуліктің анықтамасын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы былай деп берген: «Тұрақты түрде жыныстық қатынаста болған әйелдің бір жыл ішінде жүкті бола алмауы».

Әдетте тұрақты түрде жүкті болып қалудан сақтанусыз жыныстық қатынаста болатын жұбайлардыр балалы болу ықтималдылықтары 25-30 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз денсаулығында ақауы жоқ, басқа да себептері жоқ жұбайлардың бір жылдың ішінде жүкті болулары қалыпты жағдай дегенді білдіреді.

Бедеулік неден пайда болады?

Бедеулік жағдайларының 30-40 пайызында әйелдің жатыр түтікшесі болмайды немесе дұрыс жұмыс жасамайды (ұрықты өткізбейді); 30 пайызында фолликулдердің жетілмеуі мен овуляция процесінің дұрыс жүрмеуі; 30 пайызында еркектен бөлінетін сперматозоидтардың аз болуы немесе сапасыз болуна байланысты болса, бедеулік жағдайларының қалған 10 пайызы басқа да түрлі себептерге байланысты болады екен.

Бедеулік мәңгі емес

Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмірбойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмау керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылу ниетімен емделетін бедеу әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына ие болып жатады. Бедеуліктен арылу ұзақтығы әр әйелде әрқалай болады. Оның бекітілген мерзімі мен берілетін 100 пайыздық кепілдігі жоқ.

Бедеуліктен құтылудың ең алғашқы шарттары: үміт және сабыр. Бұл екеуінен кейінгілеріне білікті маманның кеңесі, дұрыс таңдалған ем-дом жатады.

Бедеулікті анықтау (диагностика)

Бедеуліктен құтылудың ықтималдылығын арттыратын жағдайлардың бірі — ауруды ерте анықтау. Ерте анықталған бедеулікті емдеу де ерте басталады. Бедеулікті анықтау мен емдеу процесіне әйелдің жолдасының да қатысуы маңызды. Өйткені бедеулік тек жүкті бола алмай жүрген әйелдің мәселесі емес, отбасының, әулеттің мәселесі.

Қазіргі таңда медицинада бедеулікті анықтау барысында мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады:

  • жатыр түтігінің ұрықты өткізу қабылетін тексеру;
  • әйел мен еркек қандарындағы гормондарды тексеру;
  • Спермограмма – шәуетті (сперманы) жан-жақты зерттеп тексеру;
  • ультра-дыбыстық зерттеу арқылы жатыр мен аналық жыныс безінің жағдайын (күйін) тексеру;
  • несеп-жыныс жүйесінде инфекциялардың бар-жоқтығын анықтау;
  • Гистероскопия – жатыр қуысын тексеру;
  • Лапароскопия – құрсақ қуысы мен таз аймағындағы мүшелерді тексеру;

Бедеулікті емдеудің әдіс-тәсілдері

Репродуктивті медицина саласында жасалған тың  зерттеулердің нәтижесінде бедеулікті емдеудің түрліше әдіс-тәсілдері пайда болды. Емдеудің жолдары мен түрлері көп. Олардың әрқайсысы бедеулікке ұшыраған әйелдің не себептен бедеу болғанына (бедеуліктің себебіне) байланысты қолданылады. Емдеу әдісін бедеу әйелдің өзі немесе басқа бір танысының кеңесімен таңдай салуына болмайды. Арнайы дәрігерлердің тексеруінен өтпей ешкім өзінің бедеулігінің себебі мен бедеулік деңгейін біле алмайды.

Әйелдің бедеулікке ұшырау себебі мен денсаулық жағдайын білген дәрігер сай келетін емдеу әдістерін ұсынады немесе өзі ең тиімді дегенін таңдап береді.

Қазіргі таңда бедеуліктен құтылудың мынадай амалдары бар: гормональді терапия; шұғыл терапия, жасанды инсеминация, гистероскопия, лапороскопия, экстракорпоралдық ұрықтандыру.

Жасанды жолмен ұрықтандыру әдістері жайлы толығырақ

Ұқсас мақалалар

Жүктілікті жоспарлау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Ертерек жүкті болудың 7 амалы

Comments 24

  • сәлеметіздер ме Түркістан қаласынанмын. менің басымдағы жағдай өзгелерде де бар шығар .жасым 40 та . Бір ұлым бар жасы 14 те 2 рет түсік тастағанмын ал енді бала көтере алмай жүрмін бармаған жерім жоқ Жатыр трубкаларын тексерту керек дейді біреулер оны қайда тексертуге болады мекен жайын жазыңыздаршы алдын ала рахмет Жатыр трубкасын тексерткендер болса хабарлассыншы

  • жатыр трубкасын тексерткендер бар ма хабарлассыншы өтініш

  • Мен бала сүие алмағаныма 14 жыл болғалы тұр.
    Жолдасы жұмыссыз. Дәрігерлер көп ақша қажет етеді.Өтінем көмектесіңіздерші. Мен жаным 36,жолдасым 40 енді расында перзентсіз кетембе?

  • Сиздерге калай хабарлассам болады мен бала котере алмай журмин комектесиниздерши отинем кулдарыныз болайын омирден шаршадым баласыз

    • Саламатсызба!
      Біз бар болғаны сайт қанамыз. Ешқандай медициналық орталық емеспіз.

  • Зарина,жане де баска пыкыр жазушы келыншектер, Сыздерге айтарым неге ЭКО-га сразу бармайсыздар, уакытты откызбей.

Яндекс.Метрика