Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз (сұрақтар)

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз туралы сұрақтар

Токсоплазмоз — адамдар мен жануарларда кездесетін жұқпалы індет, теріде қызыл дақ болып шығады. Аурудың Toxoplasma gondii деп аталатын қоздырғыштары негізінен шикі ет өнімдерінде, мысықтарда көп кездеседі. Жуылмаған жеміс-жидектер арқылы да таралуы мүмкін.

Жүктілік кезінде токсоплазмоз ауруын жұқтыру ықтималдылығы қандай?

Токсоплазмоздың симптомдары (белгілері) бірден және оңай біліне бермейді. Алғашында оны өтпелі тұмау деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Себебі бұл ауруға ғана тән белгілер жоқ. Сондықтан арнайы тест арқылы сіздің иммундық жүйеңіздің токсоплазмозға қарсы тұруға қауқарлы екендігін немесе қауқарсыз екендігін біле аласыз.

Адамдардың кебірі бұл аурумен ауырып болғаннан соң оған қарсы тұратын иммунға ие болады. Дегенмен, жүкті әйелдердің арасында өте аз болса да осы індетке шалдығып жататындар болады. Аяғы ауыр әйел токсоплазмозды шикі немесе шала піскен ет тағамдарынан, жуылмаған лас азық-түліктер мен жеміс-жидектерден және үй жануарларынан жұқтырады. Үй жануарларының ішінде мысықтардан токсоплазмоз індетін жұқтыру жағдайлары жиірек кездеседі.

Токсоплазмозды жұқтыру ықтималдылығы сіздің өзіңізге тікелей байланысты. Сақтық шараларын жасасаңыз, мысық болса, оны мал дәрігеріне тұрақты түрде тексертсеңіз, жейтін тамағыңыздағы ет таза піссе, аурудан алыс боласыз.

Токсоплазмоздың іштегі сәбиге зияны бар ма, жұғу ықтималдылығы қандай? 

Иә, жатырдағы ұрыққа қауіп бар. Токсоплазмоз баланың жолдасы (қағанақ) арқылы ұрыққа өтеді. Аурудың ұрыққа жұғу ықтималдылығы жүкті әйелдің жүктіліктің қай кезеңінде ауыратындығына тікелей байланысты. Мысалы, жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде жұқтырса, онда баланың жолдасы қауіпті паразиттерге қарсы тұрып, ауруды ішке өткізбейді (іште болашақ сәби бар). Ал егер аяғы ауыр әйел жүктіліктің соңғы кезеңінде токсоплазмоз ауруын жұқтырса, бірақ уақыт өткізіп алса, аурудың жатырдағы ұрыққа жұғу ықтималдылығы өте жоғары болады.

Екіқабат әйел токсоплазмоздан қалай емделе алады?

Егер токсоплазмозды дер кезінде анықтаса, құрамында спирамицин белсенді заты бар антибиотиктер тағайындалады.

Жүкті әйел өзінің емделуін ғана емес, жатырдағы болашақ сәбидің денсаулық жағдайын да естен шығармау керек. Себебі аурудың болашақ сәбиге өтіп кетуі ғажап емес. Ондай жағдайда басқа дәрілерді қабылдауға тура келеді. Қандай дәрі қабылдау керектігін дәрігерлер анықтайды. Өз бетіңізше немесе басқалардың кеңесі бойынша дәрі қабылдауыңызға болмайды.

Болашақ сәбидің токсоплазмоз індетін жұқтырғанын қалай анықтайды?

Жатырдағы сәбидің анасынан токсоплазмоз жұқтырғанын немесе жұқтырмағанын ультрадыбыстық зерттеу арқылы, кіндікбауға пункция жасау арқылы және қағанақ сұйықтығына (амниотикалық сұйықтық) зерттеу жасау арқылы анықтауға болады.

Токсоплазмоздың мысықтан адамға жұғуы
Токсоплазмоздың мысықтан адамға жұғуы (сурет: vetlabcentr.ru)

Ұқсас мақалалар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері

Жүктілік кезінде Нафтизиннің зияны болады ма?

Жұқпалы эритема деген қандай ауру?

Балаларға тән ауруларының жүкті әйелдерге әсері

Жүктілік кезіндегі індеттер мен аурулар

Жүктілік кезіндегі тамақтануға байланысты сұрақ-жауаптар. Вегетариандық тағамдар

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Яндекс.Метрика