— Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?
— Әрине, болады, болғанда қандай! Жыныстық қатынас еркек үшін де, әйел үшін де табиғи тұрақтылықты сақтаудың тиімді жолы болып саналады емес пе?! Бірақ ескеруге тиісті бірнеше жағдайлар бар.
Аяғы ауыр әйелдің ағзасында көптеген өзгерістер болады. Солардың бірі — жыныстық қатынасқа байланысты сезімдер. Қалыпты жағдайдағы жыныстық қатынас пен жүктілік кезіндегі жыныстық қатынастың біршама айырмашылығы бар. Мысалы, кейбір әйелдер аяғы ауыр кезде ертерек тояттайды, жақындасуға қажеттілігі мен құмарлығы артады. Керсінше жағдайда қатынастан алатын ләззат бұрынғыдай болмай жатады. Бірақ соңғы жағдай өте сирек кездеседі (жүктіліктің алғашқы триместрінде).
Бала дүниеге келеді деп күтілген мерзімге 2-3 апта қалғанда жыныстық қатынастан бас тарту абзал. Ол уақыттағы жыныстық қатынас балаға зиянды болуы әбден мүмкін. Себебі тояттау кезінде пайда болатын окситоцин гормоны қанға түсіп, жатырдың жиырылып қалуына әкеп соғады.
Тояттау (оргазмға жету)
Жүкті әйелдің қынабы сезімтал келеді. Ол тезірек әрі естен кетпестей тояттауға себеп болады. Жүктілік кезіндегі тояттау алғаш жүкті болған әйелдер үшін ең алғашқы керемет сезім болуы мүмкін. Жүкті әйелдің оргазмға жетуі іштегі бала үшін де пайдалы. Өйткені жыныстық қатынастан өзіне қажеттісін алып, тояттаған әйелдің ағзасы жақсы жұмыс жасайды, қан айналымы жақсарады. Ал ол дегеніміз жатырда жатқан сәбиге жағатын табиғи процесс.
Ескерту! Егер жүктілік қалыпты жағдайда болмаса, тояттау зиянды болуы мүмкін. Себебі тояттау кезінде жатырдың бұлшықеттері жиырылып қалады. Егер жыныстық қатынастан кейін жайсыздық сезілсе, немесе жүктіліктің қалыпты болмауын жақындасқанға дейін байқасаңыз, онда дәрігер кеңесіне құлақ түріңіз.
Іштегі сәби жаныстық қатынасты сезе ме?
Әрине, сезеді, бірақ басқаша сезеді. Оның сезгендігін қатынас аяқталғаннан кейін қимылдауынан да білуге болады. Сәбидің қимылдағанынан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені анасы ләззат алған жыныстық қатынастан кейін кіші жамбас (малый таз) аймағында қан айналымы белсенді жүріп, баланың жолдасы (плацента) арқылы жатырдағы балаға оттегі мен қоректік заттар көп мөлшерде барады.
Егер сәбидің соққы алуы жайлы күдік болса, оны сейілту үшін жыныстық қатынасқа түспес бұрын әйелі мен ері ақылдасып, әйеліне қолайлы күйді (қалып, поза) таңдау керек. Кей жағдайларда дұрыс күйді дәрігерлер алдын-ала ескертіп жатады.
Жатырдың ішіндегі сәбиді соққылардан қорғайтын бірнеше сақтық қабаттары бар. Олар: жатырдың бұлшықетті қалың қабырғасы, қағанақ сұйықтығы (аниотическая жидкость) мен көпіршігі, жатырдың кілегейлі (былжыр) тығыны.
Қандай жағдайда жүкті әйелдің жыныстық қатынасқа түсуіне болмайды?
Жоғарыда жыныстық қатынасқа түсуге болмайтын жағдайлардың бір-екеуін жаздық. Олардың қатарына тағы бірнеше жағдайлар жатады. Мысалы:
көп ұрықты жүктілік кезінде (егіз балалар туылатын жағдайда);
әйел мен жатырдағы сәбидің денсаулығына қауіп төнгенде;
қынаптан қан немесе соған ұқсас сұйықтықтар ағатын болса;
жатырдан сұйықтық (қағанақ сұйықтығы) бөлінгенде;
жыныс жолы арқылы жұғатын індет табылғанда;
түсік тастаған кезде. Түсіктен кейін біршама уақыт жыныстық қатынасқа түсуге болмайды.
Жүктілік кезеңдеріне байланысты жыныстық белсенділік
Жүктіліктің алғашқы триместрінде (алғашқы үш айы) әйелдің жыныстық белсенділігі аса зор болмайды. Өйткені токсикоз бен сүт бездерінің ісінуі біраз физиологиялық қиындықтар тудырады. Мұндай жағдайда ері түсіністікпен қарауы керек. Жыныстық қатынас кезінде әйелдің сүт бездеріне (емшектеріне) ұқыпты түрде тиісуі керек.
Екінші триместрде көптеген қиындықтар жойылады. Жыныстық қатынасқа деген құлшыныс артып, әйелдің бойында өзгеше сезімдер мен құмарлық пайда болады. Егер жүктілік дұрыс жүріп жатса, жыныстық қатынасқа түсуден ешқандай қауіп болмайды. Дәрігерлер бұл триместрді екінші бал айы деп те айтады екен.
Үшінші, соңғы, триместрде әйелдің іші үлкен болып шығады. Ол жыныстық қатынас кезінде біраз қолайсыздықтар тудырады. Оны есепке алмағанның өзінде, сәбидің дүниеге келуіне қатысты ұйымдастырушылық және дайындық шаруалары бастан асып, жыныстық қатынасқа жиі түсудің мүмкіндігі әрқашан бола бермейді. Дәрігерлер жүктіліктің ең соңғы айында, баланың дүниеге келуіне 2-3 апта қалғанда жыныстық қатынасты мүлдем доғарған жөн дегенді айтады.
Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынастың басқа да пайдалары
Жаныстық қатынас кезінде жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы кейін баланы босанар кезде әйелге көмектеседі;
Жыныстық қатынас кезінде еркектен бөлінетін сперма құрамындағы ферменттер, аталық гормондар және простагландиндер жатыр мойнының жұмсаруына септігін тигізеді. Жұмсарған жатыр мойыны бала дүниеге келер кезде оңай ашылады.
Ассалаумағалайкум… менин сурайын дегеним айелиммен бириншы неке туни (целка) алынып кан акса ишине урык жиберуге болама.. сосын ар кун болган жыныстык катынаста урыкты ишине жибере берсен ол бала котерип койып тагы жыныстык катынаска тусип урык жиберсен егиз котерип коймайма.. сосын бала котергенен кейынде урыкты ишине жиберуге болама
Сәлеметсіздер ме.менім қояр сұрағым бар еди күйеуімен қосылғанда менікі ұзақ уақытта келеді Кейде келмейді ләззат алуым қиын деден болуы мумкин.жауап күтем