Жүктілікті жоспарлау

Отбасын құрып, шаңырақ көтерген кез-келген жұбайлар отын өшірмей, ұрпағын жалғастырар бала сүюді армандайды. Осы ретте болашақ аналарға мамандардың берер кеңесі жетерлік. Құрсағында 9 ай, 9 күн көтерген нәрестесінің дені сау болып туылуына ата-ананың өзі себепші екендігін ескерген жөн. Балалы болу дегеніміз – ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артуы десек, екі жаққа да артылар міндеттің жүгі ауыр болады. Тек осы сыннан сүрінбей өту үшін сауаттылықтың болу керек. Сонымен, мамандар кеңесіне назар аударайық:

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Есіңізде болсын: темекі шекпек түгіл оның иісінің өзі бала дамуына кері әсерін тигізеді;
2. Кез-келген дәрі-дәрмек атаулыдан бас тартыңыз. Әсіресе, гормональды дәрілер өте зиян.
3. 3-4 ай бұрын дәрігерге көрініп, денсаулығыңызды кінәратының бар-жоқтығын тексертіп алғанның да айыбы болмас. Өйткені, бала көтергеннен кейін тұрмыс құрғанға дейінгі кезеңде білінбеген аурулар асқына бастайды. Ал, жүктілік кезінде дәрі пайдаланудың болмайтындығын ескерсек, сізді емдеу қиынға түсетіні айтпаса да түсінікті.
4. Дәруменге бай азық-түліктерді, мысалы, көкөніс, жеміс-жидектерді күнделікті тамақ рационына енгізіңіз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, дәрігермен ақылдасып, дәріханаларда сатылатын дәрумендерді алып ішуге де болады.
5. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын! Өмірде кездесетін түрлі проблемалар мен қиындықтарға қарамастан, бірінші орынға болашақта нағыз ана бақытын сезіндіретін сәбиіңіздің денсаулығын қоя біліңіз!

Жүктілікке қолайлы уақыт етеккірдің келген күнінен санағанда екінші аптаның соңы мен үшінші аптаның басы болып саналады. Мамандар осы уақыттан бұрын бірнеше күн жыныстық қатынасты тоқтата тұрудың керектігін ескертеді. Осылайша, ағзаны дайындайсыз. Баланы жоспарлап жүрген әрбір ерлі-зайыптылар алкогольді ішімдіктерден бас тартып, ыстық моншаға бармауы керек. Оған қоса, жұбайлардың бір-біріне деген ілтипаты мен мейірімділігі де ұрықтың белсенділігін арттыратын көрінеді.

Сонымен, қорыта келе айтарымыз, өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені, сәби сүю отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай Адамның келгендігінің белгісі.

Comments 41

  • шашым коп тусип жур.жыныс мушемнен выделение коп молшерде келип жур жане де сол жерим шагып ауырады.терлей беремин жане де киши дарет кайта-кайта барам.бул неден?

    • витамин жетіспегеннен )

    • Айкерім
      Ыстықтап терлеп ерін кепсе, ол дене ішінде ыстығыныз бар деген. Шаш түсу витамин жетіспегеннен және стресстан болуы мүмкін
      жыныс органдарында қабыну бар емделу керек. сиз қай қаладансыз?

  • Менин жасым биыл 32 -ге толады.Бірінші жүктілік 27 жасымда болып , 28 де кызды болдым.Екінші жүктілік 29 да басталып , 30 жасымда кызды болдым. Мен кыз артынан улды болгым келди , шилде айында жоспарламаган жерден котерип калган сияктымын тагы да кызды болам ба деп коркамын, уакыт оздырмай 1-3 апта аралыгында жынысын аныктайтын аппарат бол ма?

  • менинше ондай курал али жок бирак интернетте онлайн тесттер аркылы аныктауга болады бирак оган 100 пайыз сенудин қажети жок сонымен бірге арнайы таблицалар болады қысқасы интернеттен іздеп караңыз узи қателеспесем 23 жумадан бастап аныктайд,

    • биопсия хориона жасатсаң, екі аптажүктіліктің өзінде жынысын анықтап береді. бірақ, алдымен, сондай тәуекелге бару не үшіе қажет екенін шешіп алу керек.
      Ал интернеттегі он лайн тестерге сенудің қажеті жоқ.

    • Қазіргі дамыған заманда бәрі мүмкін. Мен екінші баламды туарда ұл болғанын қаладым, біріншім қыз. Он төрт, он бес аптада УЗИ маған ұл екенін жүз пайызға анықтап берді.

  • менин бала котермегени ме 8 айдан асты емделдим де ешкандай диагноз жок, не истесем болады екен,

    • Менин жасым 32-де , уйленгениме 6 ай болды, осы кунге дейын бала котере алмай журмын, бала котеру жолдарын айтып берсениздер.

  • Құрметті қыз келіншектер етеккір кезінде жыныстық қатынас жасау дұрыс емес.Ол күндері жыныстық қатынастан сақтаныңыздар!

Яндекс.Метрика