Жүктілікті жоспарлау

Отбасын құрып, шаңырақ көтерген кез-келген жұбайлар отын өшірмей, ұрпағын жалғастырар бала сүюді армандайды. Осы ретте болашақ аналарға мамандардың берер кеңесі жетерлік. Құрсағында 9 ай, 9 күн көтерген нәрестесінің дені сау болып туылуына ата-ананың өзі себепші екендігін ескерген жөн. Балалы болу дегеніміз – ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артуы десек, екі жаққа да артылар міндеттің жүгі ауыр болады. Тек осы сыннан сүрінбей өту үшін сауаттылықтың болу керек. Сонымен, мамандар кеңесіне назар аударайық:

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Есіңізде болсын: темекі шекпек түгіл оның иісінің өзі бала дамуына кері әсерін тигізеді;
2. Кез-келген дәрі-дәрмек атаулыдан бас тартыңыз. Әсіресе, гормональды дәрілер өте зиян.
3. 3-4 ай бұрын дәрігерге көрініп, денсаулығыңызды кінәратының бар-жоқтығын тексертіп алғанның да айыбы болмас. Өйткені, бала көтергеннен кейін тұрмыс құрғанға дейінгі кезеңде білінбеген аурулар асқына бастайды. Ал, жүктілік кезінде дәрі пайдаланудың болмайтындығын ескерсек, сізді емдеу қиынға түсетіні айтпаса да түсінікті.
4. Дәруменге бай азық-түліктерді, мысалы, көкөніс, жеміс-жидектерді күнделікті тамақ рационына енгізіңіз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, дәрігермен ақылдасып, дәріханаларда сатылатын дәрумендерді алып ішуге де болады.
5. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын! Өмірде кездесетін түрлі проблемалар мен қиындықтарға қарамастан, бірінші орынға болашақта нағыз ана бақытын сезіндіретін сәбиіңіздің денсаулығын қоя біліңіз!

Жүктілікке қолайлы уақыт етеккірдің келген күнінен санағанда екінші аптаның соңы мен үшінші аптаның басы болып саналады. Мамандар осы уақыттан бұрын бірнеше күн жыныстық қатынасты тоқтата тұрудың керектігін ескертеді. Осылайша, ағзаны дайындайсыз. Баланы жоспарлап жүрген әрбір ерлі-зайыптылар алкогольді ішімдіктерден бас тартып, ыстық моншаға бармауы керек. Оған қоса, жұбайлардың бір-біріне деген ілтипаты мен мейірімділігі де ұрықтың белсенділігін арттыратын көрінеді.

Сонымен, қорыта келе айтарымыз, өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені, сәби сүю отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай Адамның келгендігінің белгісі.

Comments 41

  • Жукти болу киын менимше, бирак жукти болып калу онай! Сондыктан э канжыктар?! Амдарынды жауып журиндер, анау мынаумен еркектин козин кыздыра бермей! Хе!

  • Овуляция деген кай кезде болады?

    • Етеккір циклінің ортасында болады. Егер 28 күндік циклі болса, 14-ші күні келеді.

    • Овуляция етеккір келген күннен бастап есептегенде 2-ші аптанаың соңымен 3-ші аптаның басында болатын көрінеді. Орта есеппен етеккірден соң 11-12 куннен кейінгі 4-5 күн аралығы бала пайда болатын уақыт.

  • менің бала көтермегеніме 2 жыл болды, емделдім де диагноз жоқ,бірақ өзім трупкаларымның ауыратынын сезінем,арықарай не істеймін білмеймін, трупканы қалай емдеуге болады? дәрігерлерден сұрасам сенде бәрі жақсы деп айтады

    • мен 25 жасымда бірінші балама жасанды түсік жасаттым, ал енді бала көтере алмай жүрмін, қазір жасым 29да, емделдім де, енді не істесем болады?

      • Менің тұрмысқа шыққаныма 4 жыл болды 2009 жылы 1 жүктілік болып, 7 ай болғанда кесір тілігі арқылы босанып балам 3 күннен соң шетінеп кетті сол уақыттан бері жүкті бола алмай жүрмін қаралмаған жер қалмады маған жауап жазыңыздаршы күтем Алдын ала алғыс айтам

  • Менің жақын құрбым бірінші баласына түсік жасатты? енді көтере алмай жүр, тест на беременость қарасы екі сызық көрсетеді неге екен,

  • Салеметсиздерме? Менин сурарым,етеккирим кешигип жатыр, сосын Ишим туйип ауырады кейде.иштин туйелуи жуктилиkтин белгиси ма?

Яндекс.Метрика