Жүктілік кезінде ауыр заттар көтеруге болмайтынын білемін. Ал босанып болғаннан кейінгі жағдай қалай болмақ? Қаншалықты ауыр зат көтеруге болады?
Тоғыз ай бойына жалғасатын жүктілік пен оның соңғы нүстесі, босану, әйелдің ағазасына үлкен күш түсіреді. Атап айтқанда жамбас біраз «шаршайды». Жамбастың қайтадан қалпына келуі үшін босанғаннан кейін жарты жыл (6 ай) бойына сәбидің салмағынан (массасынан) артық болатын заттарды көтермегеніңіз абзал.
Алғаш туылғандағы сәбидің массасы, орташа, 2600–4500 гр (2,6–4,5 кг) болады. Сәбидің массасы апта санап өседі. Алғашқы алты айда 8200 гр (8,2 кг) құрайды. Жайменен қосылған салмақ жамбасыңызға ауырлық түсірмейді. Керсінше, уақыт өткен сайын жамбасыңыз ауыр салмақтардан болатын күшке дайындала береді, шынығады.
Ұқсас мақалалар
Толғақ қысқанда не істеу керек?
Брэкстон-Хикс толғағы деген не?
Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?
Бойға баланың бітуі қалай жүреді?
Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?
Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?