Брэкстон-Хикс толғағы деген не? Белгілері қандай болады?
Брэкстон-Хикс (Braxton Hicks) — жүктіліктің орта кезеңінен, дәлірек, 20-шы аптасынан бастап келетін жалған толғақ. Толғақтың мұндай түрі барлық жүкті әйелдерде бола бермейді. Мұндай толғақ кезінде жатыр қабырғасының бұлшықеттері қысым жасағанымен, жатырдың мойны ашылмайды.
Брэкстон-Хикс толғағы жүктіліктің 37-ші және 38-ші апталарында болатын алғашқы (хабаршы) толғақтан бөлек. Толғақтың бұл екі түрі де жатыр мойнының ашылуына әсер етпейді.
Брэкстон-Хикс толғағының белгілері:
- қарынның астыңғы жағы, белдің тұсында мазасыздық тудыратын құбылыс пайда болады;
- сирек және тұрақсыз болады: жатырдың қысқаруы 1 минуттай уақыт алады, 4-5 сағаттан соң ғана қайталанады;
- нағыз толғақ сияқты ауырсыну белгілері болмайды, тек аздаған жайсыздық сезілуі мүмкін;
- жатыр қаттылана түседі (ішіңізге қолыңызды қою арқылы сезе аласыз);
- орта деңгейлі тырысулар (судороги) сезіледі;
Брэкстон-Хикс толғағы келгенде не істеу керек?
Жалған толғақ келіп, жатыр тарыла түскенде таза ауада серуендеу, жылы ванна қабылдау, жүйкеңізге күш түсірмеу ондай жағдайларлы айналып өтуге көмектесе алады. Сонымен қатар, тыныс алу ырғағын бір қалыпқа келтіріңіз, сол жағыңызбен жатыңыз, аздап қозғалыс жасаңыз,
Алғаш рет жүкті болған әйелдер арасында Брэкстон-Хикс толғағын босанар алдындағы толғақпен шатастырып алатындар кездеседі. Бірақ жалған толқақ кезінде алаңдаудың қажеті жоқ.
Брэкстон-Хикс толғағының мәні неде?
Ғылыми түрде зерттеу жасалып, ғылыми тұжырымдамасы бекітілмеген. Дегенмен, жалған толғақтың жатырды босану процесіне даярлануы үшін оң әсер ететіндігі айтылады.
Жалған толғақтың «Брэкстон Хикс» аталуының сыры неде?
Жалған толғақ бұрыннан бар табиғи құбылыс қой. Оны алғаш болып назарға алған ағылшын дәрігері Джон Брекстон Хикс болды. Ол 1872 жылы жүкті әйелдердің жүктіліктің соңғы бөлігіндегі жағдайларын зерттеу барысында босануға дейін де толғақтың болатындығын және ондай толғақтардың жалған екендігіне көз жеткізіп, ғылыми ашылу жасады. Соның құрметіне жалған толғақ «Брэкстон Хикс толғағы» деп аталып кетті.
Ұқсас мақалалар
Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?
Толғақ қысқанда не істеу керек?
Бойға баланың бітуі қалай жүреді?
Босанғаннан соң ауыр зат көтеруге бола ма?
Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?
Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?