Генитальді індеттер жайлы сұрақтар

Генитальді індеттер (генитальді инфекциялар) дегеніміз жыныс мүшелерінде болатын және сол мүшелер арқылы таралатын жұқпалы аурулардың тобы. Бұл топқа көп тараған генитальді герпес, микоплазмоз, хламидиоз, цитомегаловирус, тағы басқалары жатады.

Бактериурия деген не? Жүкті әйелдерге қандай әсері бар?

Жүкті әйелдер арасында зәрдің құрамындағы бактериялардың көбею жағдайы жүктіліктің екінші жартысында байқалады. Медицинада бұл құбылысты Бактериурия деп атайды. Бактериурия байқалғанда жүкті әйелдің зәрінде болатын бактериялардың мөлшері жүкті емес әйелдің зәріндегі бактериялардың мөлшерінен бес есеге көп болады.

Бактериурияның пайда болуына екі түрлі жағдайдың себеп болуы мүмкін:

  • жүктілік кезінде зәрдің pH көрсеткішінің (қышқылдылық деңгейі) өзгеруі;
  • үлкейген жатырдың зәр жолдарын қысуы. Мұндайда жиналап қалатын зәрдің ішінде бактериялар жылдам көбееді.

Бактериурияның салдарынан ерте толғақтың болуы немесе бүйрек астауының қабынуы ықтимал. Сол үшін зәр шығару жолдарында індеті бар әйелдер ауырсынуларды сезінбесе де тиісті дәрі-дәрмектермен емделу керек.

Кеңес: бактериурияны болдырмас үшін жүкті әйелдер суды көп мөлшерде ішу керек.

Қуықта болатын жұқпалы індеттер, көп жағдайларда, сәбидің ерте туылуына себеп болады екен. Осы рас па?

Жүктілік кезіндегі медициналық тексерулерде зәрдің құрамындағы ақуыз, нитрит және қанның ақ түйіршіктері (лейкоциттер) сараптамадан өтеді. Егер сараптама қортындысы зәр шығару жүйесіндегі мүшелердің бойында бактериялардың бар екендігін көрсетсе, дәрігерге қаралып, ем қабылдау керек. Олай етпеген жағдайда бактериурияның асқынып кету қаупі туады.

Қынаптық (вагиналдық) инфекциялардан қалай сақтануыма болады?

Зәр шығару жолы мен қынаптағы індеттердің асқынуы ерте толғақ пен сәбидің шала туылуына себеп болады. Жүкті әйелдің бойындағы гормоналды өзгерістер кезінде қынап түрлі инфекциялармен зақымдануға бейім болады. Сондықтан қынап аймағының pH көрсеткіші 4,5-тен жоғары болмау керек. Оны арнайы индикатор қағазбен немесе индикаторлы қолғаппен тексере аласыз.

Жаңадан басталып келе жатқан инфекция ошақтарын аздап қышқылдандыру әрекеті арқылы жоюға болады. Ол үшін арнайы препараттарды немесе табиғи емдеу әдістерін пайдалана аласыз. Мысалы, тампонды табиғи айранға батырып алып, қынапқа салып, алты сағатқа дейін ұстауға болады. Осы әрекетті күніне екі реттен 4-5 күн бойына жасау керексіз.

Қышқылдандыру арқылы емдеу саңырауқұлақты инфекцияларға әрет етпейді. себебі ондай індеттің қоздырғыштары pH көрсеткішіне тәуелсіз түрде тіршілік етеді.

Жүктілік кезінде қынапты тазалауға арналған спрей, жуып-шаю қоспалары, гель, сабын тәрізді гигиеналық заттарды пайдаланбағаныңыз абзал. Ондай заттарды қолдану арқылы қынаптың табиғи ортасын бұзасыз. Соның салдарынан қынапта түрлі жұқпалы індеттер пайда болады.

Мен қынабымдағы pH көрсеткішін үнемі тексеріп отырамын. Жоғары pH көрсеткіші инфекциялық қауіптен басқа тағы нені білдіреді?

Жоғары pH көрсеткіші дыныстық қатынастан кейін 12 сағат өтпей тұрып қынаптың қышқылдылық ортасын тексергенде анықталады. Өйткені қынапқа сперма (шәует) түскенде ол жердің pH көрсеткіші жоғарылайды.

Кейде индикаторлар қателесіп жатады. Ондай жағдайда қайта тексеру керек. Егер қайта тексерген кезде де жоғары pH көрсеткіші (мысалы: 4,7 немесе одан жоғары) анықталса, онда, бұл құбылыс қағанақ қуысындағы қағанақтың жарылу салдарынан қағанақ сұйығының (амниотикалық сұйықтық) бөлінгендігін білдіреді. Мұндай жағдайда жүкті әйел жатқан күйінде, жылдам түрде, босанатын дәрігерлік мекемеге жеткізілу керек.

Қынаптағы саңырауқұлақты инфекциялар жатырдағы сәбиге қаншалықты зиян?

Жүктілік кезінде анасының қынабындағы инфекциялар жатырдағы балаға зиянын тигізе алмайды. Бірақ уақыты келіп, бала жарық дүние есігін ашарда қынап арқылы сыртқа шығады. Сол кезде зиянды бактериялар мен саңырауқұлақтардың иммунитеті әлсіз сәбиге зиянды болулары әбден мүмкін.

Қынаптағы саңырауқұлақтар сәбидің терісін зақымдайды. Бұл сәбидің денсаулығы үшін өте қауіпті болмаса да, оған жайсыздық тудырады.

Хламидиоз (хламидий инфекциясы) жүктілік кезінде міндетті түрде емделу керек пе?

Хламидия бактериялары да басқа бактериялар тудыратын қынаптық жұқпалы індеттердің қоздырғышы болып табылады. Асқынған індеттің қағанақтың жарылуы мен ерте толғаққа ұласуы мүмкін. Ал ерте толғақтың салдары нәрестенің шала туылуына әкеледі. Сонымен қатар, бұл қоздырғыштардың салдарынан туылу кезінде бала бойында көз және өкпе қабынуларының пайда болуы да ықтимал. Сондықтан қалай да емделу керексіз.

Хламизиозды емдеу үшін дәрігерлер эритромицин және макролидтер тобына жататын басқа да антибиотиктерді жазып береді.

Хламизиозбен қайта ауырмау үшін жұбайыңыз да емделу керек. Өйткені жыныстық қатынас барысында сізден оған жұқса, емделгеніңізбен, кейін қайта жыныстық қатынасқа түскенден сізге жұғады.

Мен жүктілік кезінде сүйір ұшты кондиломдар (гениталдық сүйелдер) қайта пайда бола ма деп қорқамын. Сүйелдердің мұндай түрі жатырдағы сәбиге зиянды бола ма?

Қынаптың аналасына шығатын сүйір ұшты кондиломалар папиллома-вирустардың (HPV – Human Papillomavirus) салдарынан болады. Кондиломалардың осынау түрі тері арқылы (жыныстық қатынас кезінде) жұғады демесеңіз, жатырда жатқан балаға зиянды болмайды. Бірақ мәселе баланың туылуы кезінде пайда болуы ғажап емес. Сондықтан жүктіліктің 34-ші аптасында сүйір ұшты кондиломаларды емдету керексіз.

Емдеу үшін арнайы майларды (мазьдар) мен тұнбаларды пайдаланып, сондай-ақ лазер және күйдіру (электрокоагуляция) арқылы да емдеуге болады. Хирургиялық әдіспен де емдеу мүмкінділіктері бар.

Қалыпты жүктілік жағдайында табиғи жолмен (қынап арқылы) босануға болады. Егер гениталдық сүйелдер қатты асқынған болса, кесар тілігі арқылы босануға туралы келеді. Соңғы шешімді босандырушы дәрігер мамандар айтады.

Генитальді герпес жүктіліктің соңғы аптасында (босанар алдын) асқынып кетсе, жүкті әйелді ішті жарып алу арқылы босандырады ма?

Сәбиіңізге герпес індетінің қоздырғыштары жұқпас үшін, егер ол індетпен алғаш ауруып жатсаңыз, кесар тілігі арқылы босандыру тиімді болып табылады. Алғаш рет деп отырғанымыздың себебі мынады: генитальді герпес қоздырғыштарына қарсы тұратын антиденелер алғашқы рет пайда болған генитальды герпес кезінде жылдам түзіліп, сәбидің қанына жетпейді (инфекцияға қарсы тұруға қауқары жоқ). Сондықтан босану кезінде сәбиге жұққан герпес қоздырғыштарының зардаптарың қауіпті болуы ықтимал.

Созылмалы герпеспен ауырып жүрген әйелдің қанындағы антиденелер жатырдағы сәбиге де жетеді. Ондай жаңдайда сәбидің босану барысында герпес індетінің қоздырғыштарына қарсы иммунитеті болады. Бірақ бұл созылмалы герпес жағдайында табиғи жолмен (қынап арқылы) босануға болады дегенді білдірмейді. Қортынды шешімді дәрігерлер шығарады.

Генитальді герпесті жүктілік кезінде емдеуге болмай ма?

Егер герпес жүктіліктің басталған уақытынды пайда болса, оны емдеу болатындығы немесе болмайтындығы хақында толыққанды әрі анық жауап жоқ. Дегенмен, босануға 6-8 апта қалғанда таблеткалы дәрі-дәрмектермен антивирустық терапия жасауға болады. Ол турасында гинеколог-дәрігермен сөйлесіп, кеңесін алыңыз.

Жүктілік кезеңіндегі генитальды инфекцияларды емдеу кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Дәрігер мамандар дәрі-дәрмектерді тағайындау барысында оның жүкті әйелдің денсалығына тигізер зияндылығын, жатырдағы нәрестеге теріс әсер ететіндігін ескеру қажет. Мұндай жағдайларда инфекциялық сырқаттар терапиясының мүмкіндігі шектеулі-ақ. Сондықтан ана мен жатырдағы нәресте үшін қауіпсіз және барынша тиімді емдеу әдісін іске асыру керек.

Comments 3

  • Салеметсіздер ме? Менде үш кесарь тілігі болды. 2 бөпем бар. Қазіргі кезде жатырішілік спиральмен журмін. Тагы бөпелі болуыма бола ма?
    Қандай ақыл – кеңес берер едіңіздер Рахмет. Анар

  • саламатсыздар ма! мен эрозия дегеннен кейін ем алып жүргенмін. кейіннен емделіп жүргенімде котеріп қойыппын сол емделген уақытта қынапқа тампондар салған енді сол заттар ішімдегі балама зиян ба соған жауап бересіздер ме. қорқынышым зиян болып ертенгі күні дүниеге бір жері кеміс бала акелмеймін бе дегенім. жауап күтем

  • Сәлеметсіздерме? Менде цитомегаловирус инфекциясы бар деді оны бір ай күйеуім екеуміз бірге емделдік қайта анализ тапсырдым. Положительный деп шықтық. Қалай емдеуге болады

Яндекс.Метрика