Жүкті әйелге қажетті дәрумендер (витаминдер)

Жүкті әйелдердің барлығы қосымша дәрумендерді пайдалану керек пе?
Егер аяғы ауыр әйел құнарлы тағамдармен, жеміс-жидектермен және көкөністермен жиі қоректенетін болса, фолий қышқылынан (B9 дәрумені) басқа дәрумендерді қабылдаудың қажеті жоқ.

Фолий қышқылының жетіспеушілігі жүкті әйелдерде ғана емес, сонымен қатар кез кедген адамда болуы мүмкін. Жүктілік кезінде ол дәруменнің жетіспеушілігінен туындайтын салдар басқа адамдарға қарағанда ауырлау болуы да ғажап емес.

Фолий қышқылы, Фолиевая кислота (витамин В9), Дәрумендер
Фолий қышқылы деген не? Оның жүктілерге қандай пайдасы бар?
Фолий қышқылы дегеніміз дәруменнің бір түрі, B9 дәрумені деп те аталады, майда ериді, адам ағзасында синтезделмейді, есесіне өсімдіктерден дайын күйінде түседі. Бұл дәрумен жасыл түсті көкөністерде көптеп кездеседі. Адам ағзасына көп пайдасы бар. Әсіресе, жүктілік кезінде ұрықтың дене мүшелерінің түзілуіне белсенді түрде қатысады, қаназдық (анемия) ауруының алдын алады.

Фолий қышқылын қашан және қанша уақыт бойына қабылдау керек?
Абзалы — жүктік басталмай тұрып, бір ай алдын фолий қышқылы препараттарын (дәрі-дәрмектерін) қабылдау. Ал жүктілік басталғанда алғашқы 12 апта бойына қабылдасаңыз дұрыс болады. Ал одан да көп уақыт бойына қабылдаудың ешқандай маңызы жоқ: ақшаны босқа құрту.

Жүктілік кезіндегі фолий қышқылының маңызды рөлдерінің бірі ұрықтың дене мүшелерінің даму кезеңінде жүйке түтігінің дұрыс қалыптасуына әсер ету болып табылады.

Жүкті әйелге қажетті дәрумендер

Қандай жүкті әйелдер дәрумендерді қабылдау керек?
Мынадай санатқа жататын жүкті әйелдерге дәрумендерді қабылдау қажет:

  • салмағы аз (арық) әйелдер;
  • бала туа салысымен араға көп уақыт салмай қайта жүкті болған әйелдер;
  • өте жас жүкті әйелдер;
  • әлеуметтік жағдайы нашар, азыққа жарымайтын әйелдер;
  • спиртті ішімдіктерге, темекіге және есірткі тектес заттарға үйір әйелдер;
  • созылмалы ауруы болуына байланысты үнемі дәрі қабылдайтын әйелдер;
  • тамақтануы өте құнарсыз немесе азықтың аздаған түрлерін ғана жейтін әйелдер (вегетариандар).

Сәбізді көп мөлшерде жеу арқылы А дәруменіне қол жеткізе аламын ба?
А дәрумені жануарлардың өнімдерінде болады: жұмыртқада, бауырда, сүтте. Сары түсті көкөністер мен кейбір жемістерде бета-каротин (β-каротин, А провитамині) болады. Ағзаға жуанар өнімінен болатын А дәрумені тиісті мөлшерде түспегенде А провитаминдер А дәруменіне синтезделеді. Сондықтан сәбізді А дәрумені үшін жеуіңізге болады. Бірақ шамадан тыс мөлшерде жиналған А дәруменінің пайдасынан зияны көп. Орнымен болғаны дұрыс.

Күн сайын дәрумендерге бай шырындар ішемін, қосымша жүкті әйелдерге арналған мульти-дәрумендері қабылдаймын. Бұлай еткенім дәрумендерді тым көп қылып жібермей ме?

Адам ағзасына түсетін дәрумендердің А дәруменінен басқаларының барлығы артық мөлшерде болса, ағзада сақталмайды, сыртқа шығарылады. Ал А дәрумені қалып қояды. Оның көп мөлшерде болуы зиянын тигізеді.

Жүкті әйелдерге арналған дәрумен таблеткалары арқылы көп мөлшердегі дәрумендерді алу мүмкін емес. Олардың да өз мөлшерлері бар. Негізі, жүкті әйелдерге арналған дәрумендерді дәріханалардан алғаныңыз жөн болады.

Жеміс-жидек шырындарында кездесетін дәрумендердің арасында А дәрумені болмайды, бірақ А про-дәрумені (провитамині) болады. Бұл екеуі екі бөлек қосылыстар болғандықтан, екеуі бірдей зиянды емес. А провитаминінің ешқандай зияны жоқ.

Құрамында А дәрумені бар теріге арналған кремді жүктілік кезінде де пайдалана беруіме бола ма?

А дәрумені кремдерде Ретинол ретінде кездеседі. Ретинол дәрумені майда ериді, антиоксиданттық қасиетке және теріні жасарту немесе қартаюына қарсы тұратын қасиетке ие зат.

А дәруменінің көп мөлшерде болуы жүкті әйелдер үшін қауіпті болғанымен, құрамында  А дәрумені бар ылғалдандырғыш немесе басқа да кремдері шамалы ғана пайдаланудың анау айтқандай зияны жоқ деуге болады. Егер қауіптен күдіктенгіңіз келмесе, құрамында А дәрумені жоқ кремдерді пайдаланыңыз.

Ескерту!
Жүкті әйелдердің А дәрумені түріндегі синтетикалық қышқылдарды, дәлірек ретиноидтар тобына жататын третиноин және изотретиноин қышқылдары бар дәрілік және косметикалық заттарды пайдалануға болмайды. Бұлар терідегі безеу типтес ауруларды емдеу үшін дәрігердің бақылауымен қолданылатын дәрілік заттар қатарына жатады.

фото: u-mama.ru, zdr.ru

Ұқсас мақалалар

Жүкті әйелге қажетті минералды заттар

Сусындарға қатысты сұрақ-жауап

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Яндекс.Метрика