Жүктілік кезіндегі салмақ (арықтау, семіру, диета)

Жүкті болғанда қанша калория қажет? Екі адамның орнына тамақтану керекпін бе?

Калорияның мөлшері жүктіболған кезден бастап арттырмайсыз. Төртінші айдан бастап жаймен арттырасыз. Жүктіліктің 4-5-ші айларынан бастап соңына дейін күніне қалыпты жағдайдағы калория (күнделікті тамақтанып жүрген үрдіс) мөлшерінен 200 калорияға артық тамақтану керексіз. Ал бала емізетін кезде бұл көрсеткіш 700 калорияға дейін артады.

Жүкті болған әйелдің ағзасы көп тамақты қажет етпейді. Іштегі баланың қорегі үшін тағы бір адамның тамағын жеу деген ақылға қонымсыз түсінік. Жүктіліктің төртінші айынан бастап күніне 300-400 грамм жеміс-жидек жесеңіз, сол жеткілікті болады.

Аяғы ауыр әйелдің калорияны арттыруы үшін майлы тағамдар тәтті тағамдарды және ақ нанды көп жеуіне болмайды. Бұл тағамдардағы калорияның көптігі сонша, жүкті әйелді семіртіп жіберді. Ақыр соңында іштегі баласына қолайсыздық тууы мүмкін.

Ағзаға қажетті дәрумендерді, ақуызды, минералды заттар мен биологиялық белсенді заттарды көп мөлшердегі тамақтан емес, құнарлы тамақтан аласыз. Құнарлы әрі сапалы тамақ (денсаулыққа пайдалы) дегеніміз жеміс-жидектер, көкөністер, құрамындағы майы мен қанты аз тағамдар.
………………………………………………………………..

Мен құнарлы тамақтармен қоректенемін, қажетті шамада қозғаламын. Бірақ соңғы апталарда салмағым аздаған келіге артып кетті. Бұл солай жалғаса бере ме?

Әр әйелдің жүктілігі әр түрлі. Тіпті жүктіліктің әр кезеңі әр түрлі болып өтеді. Егер сіз салмағыңыздың артқанына алаңдайтын болсаңыз, мына көрсеткіштерге қарап, салыстырып көріңіз.

Жүкті әйелдің аптасына 300-400 гр қосқаны (айына 1-1,5 келі) — қалыпты жағдай. Осы кеөрсеткішпен есептегенде жүктіліктің соңына дейін 10 келіге дейін салмақ қосуға болады. Егер денеңізде ісіну (отек) немесе аурулар мен дәрі-дәрмектердің салдарынан болған физикалық өзгерістер болмаса, 20 келіге дейін салмақ қосудың өзі аса қауіпті емес. Салмағыңыз тым көп мөлшерде артып кетсе, дәрігеріңіздің кеңесіне құлақ түріңіз.
………………………………………………………………..

Мен тым семізбін: бойым — 178 см, салмағым (масса) — 92 келі. Жүктілік кезінде қандай да бір қатер бола ма?

Тым толық денелі әйелдердің көбі дүниеге сау бала әкеліп жатады. Бірақ бұл шамадан тыс семіз бола беруге болады дегенді білдірмейді.

Белгіленген шамадан артық салмақ жүкті әйелдің денсаулығын нашарлатуға себеп болатын ауруларға жол ашуы немесе бар ауруды асқындыруы мүмкін. Мысалы, жүкті әйелдердегі қант диабеті, зәр шығару жүйесіндегі инфекциялық аурулар, жоғары қан қысымы және күре тамырдағы қанның ұюы (тромбозы) секілді аурулар болғанда салмағы ауыр жүкті әйелдер басқаларға қарағанда аурудан көп зардап шегеді.

Тағы бір мәселе — Ультра-дыбыстық зерттеуді (УДЗ) жүргізу мен УДЗ соң зерттеу нәтижесіне қол жеткізудің қиындығы.

Семіз әйелдердің босануы көбіне кесар тілігі арқылы іске асады. Туылған балалардың бейімделулері (адаптация) қиынырақ болып келеді. Осындай қиындақтарды болдырмас үшін жүктілік кезінде тым қатты семіріп кетпеу керек. Ол үшін ішіп-жейтін тамағыңыздың дұрыс әрі құнарлы болуына көңіл бөлгеніңіз, тәттілер мен ақ ұннан жасалған нан өнімдерінен бас тартқаныңыз жөн.

Жүктілік басталған уақыттан босанар уақыттқа дейінгі аралықта 8-10 келіден (айына 1-1,5 кг.) артық салмақ қоспағаныңыз жақсы.
………………………………………………………………..

Жүктілік кезінде арықтауға арналған диета сақтауыма бола ма?

Жоқ, болмайды. Аяғы ауыр әйелдің арықтау үшін, дене пішімін (фигурасын) сұлулау үшін диета ұстауына болмайды. Егер арықтағыңыз келсе, құрамында тәттілері көп тағамдар мен ақ ұннан жасалған нан өнімдерін жеуді доғарыңыз. Майлы тағамдарды көп жемеңіз. Бұл аталған тағамдарды жүкті әйелдің ағзасы тек аздаған мөлшерде қажет етеді және қажетті мөлшерін жеміс-жидектер мен көкөністерден, биологиялық құнарлы тағамдардан алғаны дұрыс болады.
………………………………………………………………..

Менің денемнің бөксе және жамбас бөліктері үлкейіп, салмақ қосылуда. Бұл — қалыпты жағдай ма?

Иә. Денедегі май шөгінділері негізінен осы аймаққа келіп жиналады. Егер көп мөлшерде болмаса, оның зияны да жоқ. Қаласаңыз, бөксе мен жамбас аймағына арналған гимнастикалық жаттығулар арқылы ол майды кетіруге болады.

Бұрында менде жүйке анорексиясы (ас қабылдаудың бұзылуы) болды. Қазір өте арықпын. Екі қабат болғанымда да арық болып қалғым келеді.  Ол туралы не айтасыз?

Бірнеше зерттеу қортындылары жатырдағы бала үшін анасының арық болғаны әдеттегіден жайлырақ болады деген қортындыға келген. Сіздің жағдайыңызда жүктіліктің әрбір айында 2 келі салмақ қосып тұрсаңыз, жақсы болар еді. Ал күнделікті жеп дүрген тамағыңыздың қуатын 200 калорияға арттырыңыз.

Өте арық әйелдер бірақ көбірек тамақтану керек. Өйткені денеңізде минералдар мен дәрумендер қоры болмаса, балаңызға зиянын тигізуі мүмкін. Құрамында минералды заттары (темір, йод, фолий қышқылы) бар, дәрумендері бар қосымша қоспаларды пайдалануға болады. Балық етінен, сүт өнімдерінен, жұмыртқадан алынатын жануарларға тән ақуыздардың пайдасы мен маңызы өте зор. Оны ұмытпаңыз.

Салмағы аз әйелдерде жүктілік кезіндегі «Жүктілік гестозы» ауруына шалдығу ықтималдылығы жоғары болады. Бұл — қауіпті ауру. Сол үшн ары әйелдер жүктілік кезінде дененің ісінуіне (орыс.: отек), бас ауруларына және көздің көру қабілетінің нашарлауына баса назар аударып, дер кезінде дәрігерге қаралу керек.

Comments 6

Яндекс.Метрика