Ананың сүті (емшек сүті) — сәби үшін құндылығы мен пайдасы жағынан теңдессіз сүт. Құрамында ақуыз (белок), май, минералды заттар мен дәрумендер болады. Ана омырауынан аққан сүттің кереметтігі пісіруді қажет етпейтіндігінде, ыдысты қажет етпейтіндігінде және табиғилығында жатыр. Алғашқы төрт айда аллергияға қарсы профилактикалық қызмет атқарады. Кішкентайлар, ұзақ дегенде, Алғашқы екі жыл бойына ана сүтімен қоректене алады. Бұл дегеніміз ана сүтінен басқа сүт немесе сүт өнімдерін пайдалануға болмайды дегенді білдірмейді.
Ана сүтінің пайдасын айтпағанның өзінде, ана омырауынан сүт емудің көптеген пайдасы бар.
Қосымша сүт (мысалы, бейімделген құрғақ сүт қоспасы) — құрамы жағынан ана сүтіне ең жақын сүт. Мұндай сүттерді ерекшеліктеріне қарай сәбидің 4-6 апталығынан бастап, алғашқы бір жылдық уақытқа дейін беруге болады.
Егер анасының сүтін ембейтін сәби болса, онда ол үшін негізгі сүт болады. Ал егер анасының сүтімен қатар ішетін болса, онда қосымша сүт болып қала береді.
Қосымша сүт қоспаларын өндірушілер оны құрамы жағынан ана сүтіне өте жақын қылып шығарады. Аталған сүттердің көптеген түрлері бар. Әр бір түрінің өз ерекшеліктері болады.
Сиыр сүті — сәбилердің алғашқы 7-8 айлығына дейінгі уақытта берілмеуі тиіс сүт. Себебі аллергиялық қауіп тудыру мүмкіндігі өте жоғары. Сиыр сүтінің құрамы ана сүтіне ұқсамайды: ақуыз бен калций өте көп, темірі аз. Бұл сүтті сәби 7-8 айлық болғанда, басқа да тамақтарға үйрене бастағанда ботқа істеу үшін қолдануға болады.
Ешкі сүті — аздаған емдік қасиеті бар, дәрумендерге бай сүт. Сиыр сүтінен аллергиясы бар біраз есейген сәбилер үшін дұрысырақ сүт болып саналады. Бапталған ешкі сүтін аллергияға қарсы қолдануға болатындығы жайлы мақала мына жерде.
Гипоаллергиялық сүт (қоспа түрінде) — әдеттегі сиыр сүтіне аллергиясы бар сәбилерге арналған ерекше сүт, аллергиялық реакциялардың қаупін жояды. Бұл да сиыр сүті, тек құрамындағы ақуыздары ұсақ болып ыдыратылған.
Майлылығы аз сүт (Майы алынған сүт) — құрамындағы майы алынған сүт, майлылық көрсеткіші 1,5–1,8 % болады. Майлығы аз сүт арықтау келген сәбилер үшін шамалы ғана пайда береді. Өйткені мұндай сүттердің калориясы мен қуаттылығы аз болады.
фото: pregnancyhealthtips.info
Балама үш ай болды.қазыр тоймай жүр.қандай қсымша тамақ берсем болады.