Ірімшік қосылған хычин

 

Ірімшік қосылған хычин

Қамырға қажет азық-түліктер:

500 мл айран немесе қаймақ;
2 тал жұмыртқа;
100 гр сары май;
300 гр ұн;
0,5 шай қасық ас содасы;
0,5 шай қасық тұз.

Салмасына қажет азық-түліктер:

300 гр ірімшік;
2 тал жұмыртқа;
0,5 шай қасық қара бұрыш;
0,5 шай қасық тұз.

Дайындалу жолы:

Айран, жұмыртқа, тұз, сары май барлығын араластырып, ұн қосамыз. Ас содасын қосуды ұмытпаймыз. Қолға жабыспас үшін дастарханның бетіне ұн себеміз. Артынша қамырды илейміз. Дайын болған қамырды 15-20 минутқа қалдырамыз. Бетін ыдыспен жабамыз. Кейін қамырды жайып, бәлішке арналған ыдысқа саламыз. Ірімшікті қолмен үгітеміз. Жұмыртқаға тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз. Жұмыртқаны ірімшікпен араластырып, бәліштің бетіне саламыз. 180 градуста қызып тұрған пеште 25 минут пісіреміз. Дастарханға қоймас бұрын, 15-20 минут суығанын күтеміз. Астарыңыз дәмді болсын!

spot_img

Қызықты

Неліктен нәрестенің қолдары мен аяқтары суық

Бір жасқа толмаған баланың үнемі аяқ-қолы суық болса не...

Бедеулік және оның себептері

Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда...

Кіндік шеше. Кіндікті еркектер кескен бе?

Кіндік шеше — сәби шырылдап дүние есігін ашқанда оның...

Босанудан кейінгі сұлулықты сақтау

Міне, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген балаңыз жарық дүниеге...

Жүктілік кезіндегі тазалық: әйел гигиенасы

Дене тазалығы Жүктілік кезінде ағзадағы жалпы гормональды өзгерістер мен қан...