Голубцы

Құрамы:
– фарш – 500гр.
– жуа – 3 шт.
– орамжапырақ
– қызанақ – 1 шт.
– сәбіз – 1 шт.
– томат пастасы.
– қара бұрыш.
– сұйық май.
– тұз.
– сарымсақ – 2 түйірі.

Дайындалуы:
1. Ең алдымен тұзды суға орамжапырақты 45 минуттай қайнатып аласыз.
2. Фаршқа 2 шт жуаны майдалап турап, тұз бен қара бұрышын салып дайындап қоясыз.
3. 45 минуттан соң, орамжапырақты судан алып, жапырақтарын ұқыпты етіп аласыз да ішіне фаршты салып, орайсыз.
4. Барлығын жасап болғасын, шұңғыл қазанға сұйық май құйып, қыздырып, жуа мен сарымсақты алтын түске енгенше қуырасыз. Үстіне үккіштен өткен сәбіз, туралған қызанақ және томат пастасын салып, жақсылап араластырып қуырып, сосын отты жәй басып, сол тұздықтың ішіне голубцыларды тізіп саласыз да үстіне голубцы бататындай етіп қайнаған су құйыңыз. Қалауыңызша тұз және дәмдеуіш салып 35-40 минуттай жәй отта қақпағын жауып пісіріңіз!
Астарыңыз дәмді болсын!

Қызықты

Бауырдан салат

Құрамы: Бауыр - 300 гр Тұзды қияр - 2 дана Қияр -...

Құс етінен дайындалатын салат

UF ☰ Мәзір 44 ҚАРАПАЙЫМ РЕЦЕПТ САЛАТТАР Категориясы: Тағам   ЕТ САЛАТЫ Құрамы: 400 грамм ет, 10...

Баланың агрессиясы

Тістелеу, ұрып-соғу, төбелес 2 мен 4 жас аралығындағы көптеген...

Жазда күн көзінен қалай қорғанамыз?

Жаз мезгілінде күннің қатты ыстығы пайдасымен қатар зиянын тигізіп...

«Басма» өзбек тағамы:

Ет ✔ Пияз ✔ Сәбіз ✔ Баялды (баклажан) ✔ Қызанақ ✔ Картоп ✔ Болгар бұрышы ✔...