Крем Шарлот

Құрамы:

Сары май немесе кремге арналған крем-суфле маргарині — 800 гр

Жұмыртқа — 8 дана

Секер 16 асқасық

Сүт — 16 асқасық

Ванилин

Бұл үлкен торттарды безендіруге жетеді, егер кішкентай торт жасап тек арасына жағуға қолданатын болсаңыз:

200 гр май
2жұмыртқа
4 асқасық қант
4 асқасық сүтпен де жасауға болады

Сүт қантты бір ыдысқа құйып, отқа қоямыз басқа бір ыдысқа жұмыртқаларды жарып араластырып дайындап қоямыз сүтпен қант қайнағанша араластырып тұрамыз қайнағанна кейін жұмыртқамызды аздап құйып тұрып тез араластырып тұрамыз, әйтпесе жұмыртқаңыз пісіп қалады. үзбей араластыра беру керек қоюланғаннан кейін отты өшіріп, салқындағанша күтеміз еріп тұрған майға ванилин салып,миксермен араластырамыз, сол кезде май аппақ болып, екі есе көтеріледі салқындап тұрған жұмыртқаны 1 қасықтап кремге таусылғанша қосып тұрып араластыра береміз, жұмыртқалар жылы болса май еріп кетеді, сол үшін салқындағаны дұрыс болады.

Ас болсын!