Лағман

Құрамы:

✔ Қамырына қосамыз:

➖ Ұн — 2 кесе
➖ Су — 4 кесе
➖ Жұмыртқа — 1

✔ Негізгі құрамы:

➖ Сиыр еті — 1кг
➖жуа— 2 бас
➖ Қызанақ — 1
➖ Сәбіз — 1
➖ Болгар бұрышы — 1
➖ Қызыл бұрыш — 1
➖ Картоп — 1
➖ Аскөк — 1 бума
➖ Ақжелкен — 1 бума

✔ Дайындалуы:

Етті майда етіп турап, 20 минут қазанда қуырып аламыз;
20 минут уақытта сәбізді, пиязды, қызанақты, болгар бұрыштарын, картоп пен аскөктерді ұсақ текшелерге тураймыз. Уақыт қалып жатса, осы жерде лағман кеспесіне қамырды илеп қоюға болады. Ол үшін су, жұмыртқа, ұн, қант пен тұзды араластырып, қарапайым қамыр илейміз. 15 минут жылы жерге қоямыз;

Қуырылып жатқан еттің үстіне пияз саламыз. Енді осы қазанға арасына 5 минут салып, туралған сәбізді, қызанақты, картоп, болгар бұрыштарын, ақжелкендерді саламыз. Араластырып тұруды ұмытпау керек. 20 минут өткеннен кейін, қазандағы етке су құйып, отты бәсеңдетеміз. Жылы жерде ұстаған қамырды алып, қайтарып илейміз. Жұқа қамырға айналған соң, пышақпен бірнеше тілімдерге кесеміз. Май жағып, қолмен ары-бері сырғанатып, қамырды созамыз;

Бірнеше рет созғаннан кейін, қамырды дастарханға ұру керек. Бұл тағы да ұзартуға көмек береді. Газ үстіне екінші қазанға су құйып, аздап тұз салып, қайнағаннан кейін лағман қамырларын салып жібереміз. Араластыра отырып, 8-10 минут қайнатамыз. Кеспелерді дереу түсіріп алу керек.

Лағманның еті мен көкөністері піскеннен кейін, отты сөндіреміз;
Дастарханға берердің алдында, тостағанға алдымен қамырын салып алып, содан кейін барып сорпасын құямыз.

Лағман әзір. Астарыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика