Тау торты

Торттың құрамына қамыры үшін:

жұмыртқа — 3 дана;
маргарин немесе сары май (слив, масла) — 250 гр;
шекер — 1,5 стакан;
ұн — 3 стакан;
сода (сірке суымен бастырылған) — 0,5 шәй қасық;
ванилин — 1 пакетик;

Кремі:
қаймақ — 0,5 кг (400 гр. 20 %);
шекер — 1 стакан;

Сәндеу:

шоколад (Қазақстан)
сүт — 30 гр;
Дайындау сатысы:

Сары майды ерітіп аламыз. Жұмыртқа мен шекерді шанышқымен жақсылап араластырып аламыз (миксердің көмегіне жүгінуге болады). Оның үстінен қаймақты, еріген сары майды, ванилинді салып, соданы сірке суымен бастырып саламыз. Жақсылап араластырып болған соң, ұнды елеуіштен өткізіп саламыз. Елеуішпен өткен ұн ауамен араласып, қамыр арасы жақсы пісетін болады. Осы қалпында бірнеше минутқа қалдырсаңыз, қамыр қолға жабыспайтындай дәрежеге жетеді. Одан кейін қызған пішінге фольга немесе арнайы қағаз төсеп торттың ең астыңғы қабатын пісіріп аламыз. Қалған қамырды құрттың көлеміндей етіп дөңгелектеп саламыз. Араларын ашық қойған дұрыс, пісу барысында көлемі екі есе үлкейеді. Кремін дайындау оп-оңай, қаймақ пен шекерді жақсылап араластырып алсаңыз жетіп жатыр. Енді астыңғы қабатына жағып шығамыз. Ал, кішкене бөліктерді крем ішіне салып, араластырамыз. Одан соң оларды рет-ретімен орналастырамыз. Сүт пен шокаладты ысытып, шокаладты ерітіп аламыз. Оттан түсіріп, жақсылап араластырсаңыз қоюлана түседі. Енді оны «тау» басынан құйсаңыз, шынында тау секілді болады (оның үстінен шекер ұнтағын (сахарная пудра) сеуіп қойса, қар секілді болады). Дайын болуы үшін бірнеше сағатқа тоңазытқышқа немесе салқын жерге қалдырыңыз.

Ас болсын!

Яндекс.Метрика