Торт Панчо

Бисквит:
? 6 жұмыртқа (Суық)
? Қант 200 гр
? Ұн 230 гр
? Какао ұнтағы 3 ас қасық
? Ешқандай разрыxлитель қосылмайды

Дайындалуы:
1.Құрғақ ыдысқа жұмыртқамен қантты қосып,миксермен щайқаймыз.Басында баяу жылдамдықта,сосын бірте бірте жылдамдығын көбейте ең жоғарғы жылдамдықта шайқайсыз. Массаңыз көпіріп 2 есеге ұлғайып,ағарады.

2.Бөлек ыдыста какао мен ұнды қосып,жақсылап араластырып аласыз.Сосын Оны жұмыртқалы массаға себе отыра,төменнен жоғарыға қарай ақырындап,құрғақ қасықпен аударып,араластырасыз.Ұн жақсы аралассын,бырақ тез араластырып массаңызды отырғызып алмаңыз.

3.Дайын қою қамырыңызды пергамент қағазы төселген 4 бұрышты формаңызға ,құйып,170-180 гр қызып тұрған пеште 30 мин пісіресіз.(Ерте немесе кеш пісуі мүмкін) 25 минутқа дейін пешіңізді ашпаңыз.25 мин өткен соң ашып сіріңке тығып тексеріңіз.Жабысса қамыры дайын емес егер құрғақ болса дайын.

4.Піскен соң бір дөңгелек кесіп аласыз,тәрелке қойып кесуге болады. (бұл оның астыңғы бөлігі)қалған бисквитті Суытып оны бірнеше (кубик)тарға кесесіз.Мен арасына банан салдым.Бананды дөңгелек етіп турайсыз.3-4 банан кетті .

Креміне:
? 800 гр 25-30 % сметана
? Қант дәміне қарай
? Шым шым ванилин қосуға болады

Қант пен қаймақты жақсылап қант ерігенше араластырасыз. Дайын
Тортты жинау:Тәрелкеңізге астыңғы дөңгелек бөлігін қойып,кремге әр (кубик)бисквиттеріңізді батырып бір 1слой жасайсыз.2 слойға дөңгелектеп туралған бананыңызды қойып шығасыз.3 слойға қайра бисквит солай солай тортты жинайсызда,қалған креммен тегістеп шығып,өз қалауыңызша әрлейсіз.Ас болсын.

Арасына:
? Банан
? Құлпынай
? Киви
Немесе өз қалауыңызша жеміс жидек салсаңыз болады.

Яндекс.Метрика