Менін атым Лауан, мамамнын аты Дулдыз.
Бүгінгінің баласы сақау болса немесе тілінде басқадай кемшіліктер болса, айналып келіп қоршаған ортаның ластануын себеп етіп шыға келетіндер аз емес. Алайда, қазіргі уақыттағы экологиялық жағдай Кеңес Одағы тұсындағы экологиялық жағдаймен салыстырғанда жақсармаса, нашарлап кеткен жоқ. Қазір бұрынғыдай ақты-қаралы түтіннен будақтаған «бұлттарды» шығаратын ірі зауыттар мен өндіріс орындарының қарасы азайды. Ядролық сынақ мүлдем тоқтады.
Логопед мамандардың айтуынша, балалардың тілдерінің мүкіс болуына емізікті (соска) көп сорулары мен ата-анасының балаларымен қажетті деңгейде сөйлеспеуі себеп болады екен. Қалай дейсіз ғой …
Емізікті көп емген (сорған) балалардың таңдайы өзгеріске ұшырап, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Бұл дегеніміз баланың таңдайы тарсылдап, тілі жатық болып өсуіне кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі. Егер адам баласы шығаратын дыбыстардың басым бөлігінің таңдайға байланысты екендігін ескерсек, бала таңдайының дұрыс қалыптасуының қаншалықты маңызды екендігін ұғамыз.
Ертедегі ата-балаларымызда емізік деген зат болмаған. Сондықтан болса керек, ол уақыттың балаларына «тіл кемістігі» деген түсінік өте аз қолданылатын болған.
Ата-анасы немесе жақын адамдары еркелетіп, тілін бұрмалап сөйлетін балалардың тілі бірден анық болып шықайды екен. Анық шығайын десе, анық әрі түсінікті түрде сөйлетін кімі бар?! Тілі енді шығып келе жатқан бала айналасындағылардың айтқан сөздерін сол қалпында қабылдайды. Кейін өзі сөйлегенде сол қалпында сақауланып шыға келеді.
Екітілді ортада өскен баланың тілі мүкістеніп қалуы әбден мүмкін. Себебі екі тіл тұрмақ бір тілде сөйлей алмай жүрген жас бүлдіршіннің тілі қай тілде шығарын кім білсін. Үйде қазақша, балабақшада орысша (немесе керсінше) сөздерді еститін баланың тілі біртілді ортада өскен балаларға қарағанда кеш жетіледі.
Сонымен, не істеу керек?
Жоғарыда айтылған жайттан не істеу керек екендігін білуге болады. Егер мәселенің себебі анықталса, оның шешу жолдарын анықтау қиын шаруа емес. Сол сияқты баланың тілін мүкіс ететін факторларды болдырмау мен оларға қарсы «күрес» жүргізу ісін қолғаалу керек. Мысалы, былай:
• балаңызды емізікке тәуелді етпеуге тырысыңыз. Аса маңызды қажеттілік болсама, аузынан емізікті алып қойғаныңыз жөн;
• балалармен оларды еркелеткен «былжырақ» тілде емес, анық дыбысталатын әдеттегі тілде сөйлесіңіз. Баланы анық естілетін сөздермен де еркелетуге болады;
• баланы өз ана тіліндегі ортада тәрбиелеуге немесе ойнатуға тырысыңыз. Екі тілді бірдей меңгеру, жас бүлдіршінді айтпағанда, ересектер үшін де оңайға түспесі анық.
Бала Жаратканнын сыйы, оны тек Ана гана котере алады. Ендеше, Ана бойына бала биткен саттен бастап, Алланын кудирет кушимен берилген таза дуниени дурыс кабылдамаса, балага бул биринши асер. Ана адал аспен коректенип, бала жаткан орынды /ишин/ жылы устау арекетинде денесин жабу, желен не тартылып кысып туратын киимдер кимеу, басына орамал /уакытша болса да/ тагып бастаса урпагынын негизги келешек тугырын калап койды деген соз. Иштеги бала барин кабылдап жатады, тогыз ай бойы токсан жылдык омирине бастау алады. Сойлеген соз, кулки, коз жасы, кайгы мен куаныш жане т.б. омирли касиеттердин негизин Анасынын ишинде жатып құрайды. Ал тил кемистиги де осыдан келип шыгады, емизик сорып оскен балалардын такылдап ан айтканын билемин. Сондыктан бала тилинин кемис болуы, аягы ауыр кезенинде Ана бойына дурыс кутим жасамаганнын белгиси. Катты корку, урку, сескену мен шошыну, кир жерлерди басу жане т.б. саттерде баланын иштеги даму процесине берилген дабылдын /сигналдын/ коринистери. Бул ишки туын. Ал енди сырткы туындарда аке – шешенин караусыздыгынан болатын асери бар. Сондыктан, бала тилинин кемистигине биринши жауапты – Ана! Ал мына жазылган дуниелеринизге карсылыгым жок, комегин тигизе берсин деп тилектемин! Алла жар болсын баршага!
менин балам туылганнан тандайы жок болды содан еки жаска келгенде операция жасаттык казир тортте жайлап сойеп келеди огопед маманына каратканнан кейн