Бедеулік және оның себептері

Адам баласының артынан ұрпақ қалдыруы — табиғи құбылыс. Алайда ана болу бақыты кез келген әйелге бұйырмайды немесе көп жылдардан соң ғана мүмкін болады. Бала тууға қәбілетті жастағы әйелдердің сәби сүйе алмауын «бедеулік» деп атайды. Бедеуліктің себептері мен диагностикасы және одан құтылудың жолдары туралы қысқаша осы мақаламызда әңгімелейтін боламыз.

Бедеулік деген не?

Бедеуліктің анықтамасын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы былай деп берген: «Тұрақты түрде жыныстық қатынаста болған әйелдің бір жыл ішінде жүкті бола алмауы».

Әдетте тұрақты түрде жүкті болып қалудан сақтанусыз жыныстық қатынаста болатын жұбайлардыр балалы болу ықтималдылықтары 25-30 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз денсаулығында ақауы жоқ, басқа да себептері жоқ жұбайлардың бір жылдың ішінде жүкті болулары қалыпты жағдай дегенді білдіреді.

Бедеулік неден пайда болады?

Бедеулік жағдайларының 30-40 пайызында әйелдің жатыр түтікшесі болмайды немесе дұрыс жұмыс жасамайды (ұрықты өткізбейді); 30 пайызында фолликулдердің жетілмеуі мен овуляция процесінің дұрыс жүрмеуі; 30 пайызында еркектен бөлінетін сперматозоидтардың аз болуы немесе сапасыз болуна байланысты болса, бедеулік жағдайларының қалған 10 пайызы басқа да түрлі себептерге байланысты болады екен.

Бедеулік мәңгі емес

Бедеулікке ұшыраған әйелдің өмірбойы бала сүю мүмкіндігі болмайды деген жаңсақ пікір болмау керек. Бедеулікті емдеуге болады. Оның барлығы білікті мамандар мен бедеуліктің деңгейіне байланысты. Бедеуліктен құтылу ниетімен емделетін бедеу әйелдердің төрттен үші бала сүю бақытына ие болып жатады. Бедеуліктен арылу ұзақтығы әр әйелде әрқалай болады. Оның бекітілген мерзімі мен берілетін 100 пайыздық кепілдігі жоқ.

Бедеуліктен құтылудың ең алғашқы шарттары: үміт және сабыр. Бұл екеуінен кейінгілеріне білікті маманның кеңесі, дұрыс таңдалған ем-дом жатады.

Бедеулікті анықтау (диагностика)

Бедеуліктен құтылудың ықтималдылығын арттыратын жағдайлардың бірі — ауруды ерте анықтау. Ерте анықталған бедеулікті емдеу де ерте басталады. Бедеулікті анықтау мен емдеу процесіне әйелдің жолдасының да қатысуы маңызды. Өйткені бедеулік тек жүкті бола алмай жүрген әйелдің мәселесі емес, отбасының, әулеттің мәселесі.

Қазіргі таңда медицинада бедеулікті анықтау барысында мынадай әдіс-тәсілдер қолданылады:

  • жатыр түтігінің ұрықты өткізу қабылетін тексеру;
  • әйел мен еркек қандарындағы гормондарды тексеру;
  • Спермограмма – шәуетті (сперманы) жан-жақты зерттеп тексеру;
  • ультра-дыбыстық зерттеу арқылы жатыр мен аналық жыныс безінің жағдайын (күйін) тексеру;
  • несеп-жыныс жүйесінде инфекциялардың бар-жоқтығын анықтау;
  • Гистероскопия – жатыр қуысын тексеру;
  • Лапароскопия – құрсақ қуысы мен таз аймағындағы мүшелерді тексеру;

Бедеулікті емдеудің әдіс-тәсілдері

Репродуктивті медицина саласында жасалған тың  зерттеулердің нәтижесінде бедеулікті емдеудің түрліше әдіс-тәсілдері пайда болды. Емдеудің жолдары мен түрлері көп. Олардың әрқайсысы бедеулікке ұшыраған әйелдің не себептен бедеу болғанына (бедеуліктің себебіне) байланысты қолданылады. Емдеу әдісін бедеу әйелдің өзі немесе басқа бір танысының кеңесімен таңдай салуына болмайды. Арнайы дәрігерлердің тексеруінен өтпей ешкім өзінің бедеулігінің себебі мен бедеулік деңгейін біле алмайды.

Әйелдің бедеулікке ұшырау себебі мен денсаулық жағдайын білген дәрігер сай келетін емдеу әдістерін ұсынады немесе өзі ең тиімді дегенін таңдап береді.

Қазіргі таңда бедеуліктен құтылудың мынадай амалдары бар: гормональді терапия; шұғыл терапия, жасанды инсеминация, гистероскопия, лапороскопия, экстракорпоралдық ұрықтандыру.

Жасанды жолмен ұрықтандыру әдістері жайлы толығырақ

Ұқсас мақалалар

Жүктілікті жоспарлау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Ертерек жүкті болудың 7 амалы

Comments 24

  • менің жасым 38-де, бала сүю бақыты бұйырмай тұр. Тексерілгенімде антимюллеровский гормон-0,3, жол тек ЭКО-ға деген. Бірақ осыдан 2-ай бұрын көтерген едім, 6 апта 5 күн болғанда дамымай қалған /замерший беременность/. Менің білгім келгені қалай ойлайсыздар тағыда өзім бала көтере аламын ба, үміттенуіме болама, әлде уақыт кетірмей эко-ға барғаным дұрыспа? Менікіне ұқсас жағдайдағы адамдардың әңгімесін естігім келеді.

  • Саламатсыздарма ! Менің жасым 33-те . Тұрмысқа шыққаныма 8 жылға жақындады. Бірақ әлі балалы бола алмай жүрмін. овуляция жөнінде сұрайын деп едім. Маған дәрігерлер етеккір келген күннен бастап овуляция 10, 13, 17 күнде басталуы керек деген. Мен соны анықтау мақсатында овулацияға арналған тест алып тексеріп қарадым сонда менде 10, 17 күн дегенде ешқандай положительный шықпайды тек 13 күн дегенде положительный болады. Сонда тек сол күні ғана бала көтеруге мүмкіндігім бар ма ? Сосын осы овуляция тек сол күні ғана болама ? Әлде 2-3 күнге созылама .Осы туралы сіздерден көмек сұрайын деп едім

    • Саламатсыз ба. Менің жасым 29-да, ұлым 7-ге толады. Жолдасым вахталық әдіспен 16күн дегенде жұмыстан үйге оралады, үйде болған 10- 14 күннің тек 7-8 күнін, кейде тек 5 күнінде ғана қатынаста боламыз. алғашқы күндері белсенділігі жоғары болғанмен 2-3 күннен соң құштарлығы басылады. Оны жұмысының ауырлығы деп ойлаймын. Менің тұрақты төсек қатынасында болмауым бала көтеруге кері әсерін тигізе ме, мүлде сақтанбаймын, әлі көтерген жоқпын. Алдан ала рахмет.

      • Сәлем! «Жүкті болу үшін күнде жақындасу керек» деген түсініктен арылыңыз. Керсінше, күн сайын жақындасу еркектің төсектегі белсенділін төмендетеді. Мамандар тиімді жиілік ретінде үш күндік уақытты ұсынады.
        Жүкті болуы үшін тұрақты түрде жыныстық қатынаста болудың пайда болуы да, болмауы да мүмкін. Жүкті болуға көмегін тигізетін амалдар туралы мына мақаладан оқысаңыз болады http://anamenbala.kz/?p=2932

  • Сіздермен тұрақты байланыс орнатуға бола ма? Өзім де жолдасым да көп балалы отбасынанбыз, әлі күнге дейін тек 1 балалы болуым жаныма қатты батады. Көңілімде жүрген сұрақтарға жауап алайын деп едім.

  • Салеметсіздерме! Мен, тұрмысқа шыгып көтере алмай жүрмін, дәрігерлер гармондарын дурыс истемейді дейді, горманоналный дәрилер ишем толып бара жатырмын, оны ишпей емдесе болама, ол дарилер денсаулыққа қандай зияны бар? шөптерден жасалған дәрилермен емдесе болама?

  • айка барі бір алланның қолында;менде гормональный дарі ішем
    толмаймын сен қандай ішесін?

Яндекс.Метрика