Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Date:

Share post:

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нәтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен әйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі әйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыр түтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нәтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты егіздер болатын болса) аталық ұрық қана аналық клетканы ұрықтандырады.

Бірақ бұл әрбір жыныстық қатынастан жүкті болып қаласыз деген сөз емес. Бұл көбінесе белгілі бір күндерге байланысты. Бұның не үшін осылай болатынын жақсы түсіну үшін алдымен әйелдер физиологиясының кейбір ерекшеліктерін еске түсірген жөн.

Ұрықтану

Ұрықтанған күйінде аналық клеткалар аналық жыныс безінде бастапқы кезінен сақталып қалады. Олардың мөлшері өте көп – шамамен 300 мыңға жуық. Бала туатын жастағы әйелдерде әр ай сайын бір аналық клетка (кейде екі не одан да көп) ұйқысынан оянғандай түрленіп тұрады, одан соң «қоймасын» тастап, жаңа адамға өмір беру үшін аталық ұрықпен кездесуге дайындалады.

Аналық клетканың аналық жыныс безінен құрсақ аймағына шығуы овуляция деп аталады. Жаңа аналық клетканың овуляцияға дайындығы аналық жыныс безінің ішінде өтеді. Ол етеккірдің алғашқы күнінен басталып, орта есеппен екі аптаға созылады. Пісіп жетілген аналық клетка жатыр түтігіне түседі. Осы овуляция басталған күн – ұрықталуға қолайлы күндердің бірі.

Табиғат-Ана адамзаттың көбеюінің көптеген мүмкіндіктерін туғызған. Біріншіден, аналық клетка ұрықтану мүмкіндігін овуляциядан кейін екі күннен бес күнге дейін сақтайды. Екіншіден, әйел ағзасына түскен аталық ұрық та сол сияқты, аналық клеткамен кездесу сәтін күтіп, үш күнге дейін өмір сүреді. Әр етеккір кезеңінің 11-12 күні жыныстық қатынастың нәтижесінде бойға бала біту бақытын сыйлайды.

Ұрықтанбаған аналық клеткамен не болатынын бәрі де біледі: етеккір кезінде ол ағзадан жатырды төсеп тастайтын (эндометрияның функционалдық қабатымен) шырышты қабықпен бірге сыртқа шығарылады.

Ұқсас мақалалар

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Жасанды толғақ деген не?

Босанғаннан соң ауыр зат көтеруге бола ма?

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

spot_img

Related articles

Жөтел – ағзаңыз не жайлы хабар береді?

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе» деген атаумен блогерлер мен журналистерге арналған...

Иллюзиядағы өмір

Көңіл-күйіңіз болмағанда немесе құбылмалы көңіл-күйде жүргеніңізде, жұбыңызбен бала алдында сөзге келіп жүргеніңізде «кішкентай нәресте...

Ана махаббаты

Оқырмандар арасынан келген осы бір хат “Аналық махаббат” жайында тақырып қозғауға түрткі болды. Оқырман хаты: “Менің...

Балалардағы кризистер

  Балада бірнеше кризистік кезеңі болатынын ең алғаш рет 2018 жылы «Научите ребенку думать» деген...