Жатырдағы баланың жамбастап орналасу күйі

Жүктіліктің 34-ші аптасынан бастап 36-шы аптасына дейінгі аралықта жатырдағы баланың орналасу қалып күйі белгілі болады. Жатырдағы ұрықтың (сәбидің) орналасу күйі қандай болу керек? Қандай орналасу күйлері болашақ сәбиге қауіпті болады?

Дүние есігін ашатын сәбилердің басым бөлігі (90%) анасының жатырында басын төменге қаратып жатады. Босану кезінде алдымен басын шығарады. Бұл — қалыпты орналасу күйі. Алдымен басын шығаратын сәбилерде туу кезіндегі оттегінің жетіспеушілігі, қолының қайырылып қалуы сияқты қиындықтар кездеспейді. Ал жамбастап орналасқан сәбилердің босану кезіндегі жағдайлары қалай болмақ?

Анасының жатырында жамбасын төмен қаратып, басып жоғары қарай бағыттап жатқан ұрықтың туылар кезде біраз қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бірақ ондай жағдайлардың барлығында босану кезінде оттегінің жетпей қалуы мен сәби қолын қайырып алуы ықтималдылығын алға тартып, бірден кесар тілігін жасай беруге бола ма? Бұл сұраққа канадалық мамандардың жасаған зерттеуінің қортындысы мен оған қарама-қарсы ұстанымдағы германиялық маманның тұжырымы бойынша жауап іздеп көрейік.

2000 жылы канадалық мамандар сәбилердің жатырдағы қалыпты емес күйіне байланысты зерттеу жасай отыра: Жамбастап отырған сәбиді кесар тілігі арқылы дүниеге келтіру табиғи жолмен (қынап арқылы) дүниеге келтіргеннен қауіпсіз болады — деген қортындығы келген. Бұл зерттеудің қортындысы шықпай тұрған кезде де әлемнің көптеген елдерінің көптеген босандыру орталықтарында жамбастап орналасқан сәбилерді кесар тілігі арқылы дүниеге келтіру әрекеті дағдыға айналып кетті.

Жамбастап орналасу, Жатырда Жамбастап орналасу

Бірнеше жылдардан соң канадалықтардың жасаған тұжырымын жоққа шығаратын мәлімдеме жасалды. Германияның Нюрнберг қаласында орналасқан емхананың «Арнайы босанулар және перинаталдық медицина» орталығының жетекшісі доктор Вольфганг Кюлер алдын-ала қамданған жағдайда, білікті мамандардың қадағалауы болса, жамбастап орналасқан сәбилерді табиғи жолмен босандырудың еш қаупі жоқ екендігін айтты. Ол өзі жетекші ретінде қызмет ететін орталықта жыл сайын 80 сәбидің жамбасымен төмен қарай орналасқан күйде дүние есігін еш қиындықсыз ашатындығын мәлімдей келе, бұл тұжырымды бір емес бірнеше сенімді зерттеулердің қортындысы дәлелдеп бергендігін де айтты.

Негізі, жамбастап орналасқан сәбилерді кесар тілігі арқылы дүниеге келтіруді қажет деп санайтын медициналық негіздер (дәлелдер) көп те емес. Олар мыналар: сәби басының қарын бөлігінен үлкен болуы (көбіне толық жетілмегендерде болады), диабет ауруы бар жүкті әйелдер болса.

Неміс дәрігері жамбасы төмен қарай орналасқан сәбилердің дүние есігін ашулары ұзаққа, 100 минут, созылатындығын, әр бір үшінші ұмтылыс (табиғи жолмен босандыру) кесар тілігімен аяқталатындығын жасырмады. Табиғи жолмен босану үшін жоғары деңгейде жабдықталған арнайы орталық, босандыратын тәжірибелі дәрігерлерден бөлек балалар дәрігері мен анестезист дәрігер керек.

Жабасымен төмен қарап орналасқан сәбилердің табиғи жолмен дүниеге келулері үшін анасының толғағы күшті болуы керек. Толғағы күшті, іштегі сәбиі оңай икемге келсе және жоғарыда айтылған жоғары деңгейлі жағдайлар жасалса, онда табиғи жолмен де босануға болады. Алғаш рет босанғалы жатқан әйелдерді мамандар кесар тілігі арқылы босандырады.

Жатырдағы ұрықтың орналасу күйін өзгерту

Жатырда жамбасымен төмен қарап орналасқан сәбилердің арасында дүние есігін ашуға аз қалғанда басын төмен қарай салбыратып, орналасуын өзгертетіндері де болады. Ол әрекетті ертерек және оңай жасауы үшін төмендегі жаттығу әдістері арқылы сәбиге көмектесуге болады.

Мокса (Moxibustion) әдісі (төмендегі суретте). Дәстүрлі Қытай медицинасының Акупунктура бағытында қолданылған әдістің бірі осы Мокса әдісі. Мокса әдісімен былай әрекет етеді: акушер немесе емдеуші дәрігер жүкті әйелдің ең кішкентай башпайының сыртқы жағындағы бұрышына жусаннан жасалған мокса таяқшасын тұтатып басады. Ол нүкте әйелдің жатырымен тікелей байланысты. Қызған кезінде жатырдағы бала қозғалысқа түседі. Баланы қозғалту арқылы басын төмен қаратуға болады.

moxibustion, Мока метод, Мокса әдісіДәстүрлі Қытай медицинасы

«Үнді көпірі» әдісі (төмендегі суретте). Бұл әдіс жемісті болуы үшін күн сайын екі рет 15 минуттай былайша әрекет етуіңіз керек: шалқайып жатасыз, аяғыңыз 40 см биіктікте көтеріліп тұруы үшін аласа үстел немесе соған ұқсас бір зат қоясыз (жіліншіктеріңіз (сирақтарыңыз) түзу жатулары керек), жамбасыңызға көпшік қоясыз, басыңызға еденнің қаттылығы сезілмес үшін кішкентай жастық қоясыз. Төмен қарай иіліп тұрған әйел жамбасы жатырдағы баланың айналуын жеңілдетеді.

Үнді көпірі, Индийский мост метод

Баланың жатырдағы орналасуы қалыпты болмаған жағдайда жүкті әйелдің ішін тартып байлауға арналған белбеу-бандажды пайдалануға болмайды!

фото: taoofwellness.com, hdy3.free.fr

Ұқсас мақалалар

45-65 жас аралығында алғаш рет жүкті болатын әйелдерде кездесетін қиындықтар

Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Comments 19

  • Менің бірінші жүктілігімде балам жамбастап орналасыпты. Оны мен білгем де жоқ, УЗИде айтқан жоқ. Сонымен 9 ай 10 күн көтеріп уақытым келгенде ауруханаға алдын ала жатқызды, онда 3 күн жаттым, дәрігерлер күнделікті қарап, бәрі жақсы деді, ал босанарға 1 күн қалғанда басқа дәрігер келіп қарап баламның теріс жатқанын айтты. Мен өзім босансам қандай қауіп барын сұрап едім балаң үлкен емес, ештеме етпейді деді, кесар (кесарево) жасатасың ба деп сұрады, балама қауіп төніп тұрмаса өзім босанам дедім. Бұған дейін неге ештеме айтпадығыздар деп сұрайтын уақыт болмады сол күні кешке толғатып таңға жақын босандым. Босана салысымен баламды алып кетті, акушерім қазір балаңды емізесің кеудеңе массаж жаса деп кетіп қалды. Жанымда апайым болған сол кісі массаж жасап жүгіріп жүрді. 2 сағаттан кейін баламнан айырылып қалғанымды айтты…
    Зертеу нәтижесінде бүйрегі ауырады, журегі нашар болған, өкпесінде жетіспеушілік бар, миына қан құйылған деп неше түрліні тізіп қойыпты. Төбе шашым тік тұрды. УЗИде неге айтпадыңдар десем бұндай ұсақ түйек дүниелер УЗИде көрінбейді демесі барма. Баламның өмірін алып кетуге соқтырса қалай ұсақ-түйек болады??? Түсінбеймін. Кейін облстан келген тексерушілерден сұрасам балаң сау тек аздап бүйрегі ғана ауырады екен демесі бар ма 🙁
    Енді анықтама алуға барсам баламды ӨЛІ туған деп бақырайтып жазып қойыпты. Әкімшілікке барып шағымдандым, олар барлық дәрігерлерді жинап менің көзімше бұл мәселені талқыға салды. Мен өз дәрігерімнен балам теріс жатқанын неге айтпадыңыз, неге алдын ала жасалатын жаттығуларды бермедіңіз деп сұрсам кесарево неге жасатпадың деп өзімді кінәлай бастады. Соңында бәрі кешірім сұрап, енді саған жақсы қараймыз, келесіде дұрыс босандырып аламыз деп уәдені үйіп төкті. Сотқа берсем баланы қайта алып тексереді екен, жерлеп қойған періштемді мазалағым келмеді.
    Сонымен дәрігерге деген сенімнен жұрдай болдым. Бұндайды ешкімнің басына бермесін. Барлықтарыңызға амандық тілеймін.

    • Мен де жүктімін, қазіргі уақытта 28-29 апталық, УЗИ-мен қарағанда бала теріс орналасқан деп айтты, енді калай басын төмен ауыстырамын деген ой мазалайды мені. Көмектесіңдерші

  • Менде 11 ши апта жуктиликте,коныр виделение келип жур.Одан бала тусип калу кауипи барма?

  • Менин сабиым шамамен бугин 3ши кун ишимде кайтыс болды жан дунием катты ауырып киналып кеттим онын устине ауруханада жатырмын али алмады баланы тугызып аламыз дейди менде кант диабети мумкин сондыктан дайындап жатырмекен 4кундей иште жатып калса олген саби маган зиян емеспа келеси жуктиликке зардабы титимейме отиниш жауап жазынызшы .

    • Саламатсызба! Егер дұрыстап емделсеңіз, келесіде зияны тимейді.

  • Саламатсыздарма! Мен биринши баламды озим табиги жолмен босандым. Аман есен. Казир екинши балага аягым ауыр31апта. Бирак сонгы узи де бала колденен жатр деди. Узидеги даригерден сурасам бала туылганша басымен томен карай аударылама десем ол аркимде аркалай дид. Енди соны уайымдап журмин. Отинемин айтып жибериниздерши аударылама алде осылай калып калама? Отинемин жауап жазыныздаршы!

  • Бала жамбаспен жатса кандай жаттыгу жасау керек

Яндекс.Метрика