Мұнда тауық еті, балдыркөк, алма және жаңғақтың белгілі үйлесімі, ерекше ингредиенттермен толтырылады.
Бұл салатты дайындау үшін суға пісірілген 4 тауық еті, 3 тал пияздың жасыл сабағы, 6 балдыркөк сабағы, ½ қияр, 1 стақан пекан жаңғағы, 1 «Грэнни Смит» алмасы, ½ лимон, 1 стақан кептірілген мүкжидек, 6 ас қасық жеңіл майонез, дәміне қарай тұз және бұрыш, 1 буда күнзе керек.
Жасалуы
1. Тауық еті мен пияз және балдыркөк мен қияр, жаңғақтарды ірілеп тураймыз. Ал алманы ұсақтап бөлек ыдысқа салып, лимон шырынын тамызып, араластырамыз. Лимонның арқасында алма қараймайтын болады.
2. Туралған ингредиенттердің бәріне мүкжидек қосып, араластырыңыз. Содан кейін майонез қосып, тағы араластырасыз. Артынан тұздап, бұрыш себіңіз. Жақсылап араластырып болған соң, салатты тоңазытқышқа қойып суытыңыз да, майдалап туралған күнземен безендіріңіз.