Tag «Бала тəрбиесі»

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БАСТЫ МАҚСАТ ҚАНДАЙ?

  Біздің ойымызда тәртібі тамаша, сабағы бес, ойы алғыр, қоғамға пайдалы болып өссе екен дейміз. Және осы жолда бас қатырып, қалай супер бала өсірсек деген мақсат қойып алатынымыз тағы бар. Ал бұл мақсат қаншалықты дұрыс??? Шын мәнінде біз бас қатарытын дүние бұл емес. Баладан білімді, білікті тұлға жасау негізгі мақсатқа жатпайды. Олардың бастарын мықты қылу …

Өтпелі кезең ерекшеліктері

  Жасөспірім баланың ата-аналары бала бойында пайда болған жалқаулық(еріншектік) туралы көп шағым айтады. «Ол үй шаруасын көмектеспейді, үй тапсырмасын жасағысы келсе жасайды, жасағысы келмесе жасамайды, тыңдамайды, қылжақтайды, естісе де естімегендей отыра береді, күні бойы телефоннан бас алмайды….» Бұл тізім жалғаса береді. Өтпелі кезеңде Жалқаулық- ҚАЛЫПТЫ. Біз ересектер көз алдымызда тұрған аяқ-қолы өскен, бойы мен дене …

Бала тәрбиесі жатырда басталады

Жатырдағы сәби, Жатырдағы сәбидің суреті

Бала тәрбиесі жатырда жатқанынан басталады. Бұл — ақиқат. Баланы тек ес білгенінде тәрбиелеу дегеніміз бала тәрбиелеуді көп уақытқа кешеуілдеп алу деуге болады. Жатырда жатқан сәби әлемді қалай қабылдайды? Ең алдымен, сәбидің анасының жатырда жатып әлемді қалай қабылдайтынын біліп алу қажет. Дүниеге келмей-ақ сәбидің есту қабілеті дамиды. 16-шы аптасында-ақ ол анасының тамырлар жүйесіндегі қан айналысының дыбысын естіп …

Баланың агрессиясы

Баланың агрессиясы

Тістелеу, ұрып-соғу, төбелес 2 мен 4 жас аралығындағы көптеген балалардың өзінің ішіндегі күйін білдіретін бір-бірімен қарым-қатынас формасы болып табылады. «Мен ашуланып тұрмын», «Мен мынаны қалаймын». Өзінің өтініші мен тілегін басқаша жеткізе білмейтін олар жұдырық пен кішкентай тістерінің көмегіне жүгінеді. Бұл бала дамуының қалыпты сатысы болып табылса да, мұндай агрессия кейін әдетке айналып кетуі мүмкін. Бойындағы …

Жұмыс пен отбасы

Отбасы және жұмыс

Заман ағымына сай, өміріміздің де шапшаң өтіп жатқандығы таңқаларлық. Бұрын ата-ана бала өмірінде аса маңызды рөл атқаратын. Ата-ана жұмыста көп уақыт өткізеді, балаға қажетті көңіл бөлуге кейбірінің уақыттары жетпей жатады. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Тәулігіне 24 сағат бойы балаңыздың жанында болуыңыз маңызды емес, жай ғана оны жақсы көретін, бағалайтын, кез келген жағдайда да …

Баланы жазалаған дұрыс па?

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» …

Бала күтуші ананы айырбастай алсын ба?!

«Бала — балым, баламның баласы — жаным» деп есептейтін еді біздің бабаларымыз. Немересін баласынан ыстық көретін ата-әжелеріміз бұрындары кішкентай қара домалақтарын бір елі қастарынан тастамай тәрбиелейтін. Жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен. Даланың дана қарттарының қолында бала қай кезде де рухани дүниесі бай, ұлттық намысты жоғары қойып, көпшіл болып өседі. Көргені мен өмірден түйгені көп көнекөз қарияларымыз …

Балаңыздың мінезі тұйық болса не істеуге болады?

Бала мінезінің тұйық болуының себептері өте көп. Біріншіден, баланың психологиялық ерекшелігіне, жан дүниесінің нәзіктігіне, ішкі әлемінің тереңдігіне, физикалық кемістігіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай бала жалғыздықты қалайды, ол жалғыз өзі ғана істейтін жұмыстарды орындайды. Мұндай жағдайда ата-аналары баласына аса сақ және сергек болуы керек. Сондықтан «оған бірдеңе болды, бір жері ауырып жүр» деп

ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі қандай болуы керек?

Қазіргі заманның балаларын өткен ХХ ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары мен ерекшеліктері Жер мен көктей десек те болады. ХХ ғасырдағы балалар ата-анаға қарсы тұру былай тұрсын, әкесінен қорқатын. Ал, бүгінгі таңда балалар ата-аналарымен жарыса сөйлей кетеді.

«Папа» мен «мама» сөздері жайлы

Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой. 

Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма?

Мақаланың басы: Бала неге өтірік айтады? Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма? Отбасында өтірік айтудың қажеті жоқ жағдайларды қалыптастырыңыз. Егер бала ата-анасына өзінің құпияларын сеніп айта алатынын білсе, оның әрекеттері талқыланып, дұрыс деп қарастырылса, ал жазалану тәрбиелеу әдісі ретінде қолданылмаса, онда өтірік айтудың себебі ешқашан туындамауы мүмкін. Өтірігінің бетін ашып, жазаламас бұрын ең алдымен балаңызды …

Балаңыз жаман сөз айтады ма?

Былапыт сөз адам тілімен қатар пайда болған жоқ. Жүре туындаған. Қазіргі кезде екі сөзінің басына жағымсыз сөзді қосып сөйлемейтіндердің қатары кем де кем. Ішкі эмоциясын сыртқа шығарудың бір формасы ретінде қабылдайды. Психологтар оны сыртқы қауіптен өзін қорғаудың әлсіз амалы ретінде қарастырады. Ал, балалар тіліндегі «артық» сөздер басқа мәселе. Соған тоқталайық. 2-5 жас аралығындағы бала былапыт сөз …

Ұрлық па, шалалық па?

Екі жастан асқан балалар арасында ұрлық атаулы арагідік болса да кездесіп қалады. Кей ата-аналар асығыстық танытып, әркімнен кеңес сұрап, мазасыздана бастаса, кейбірі, керісінше, баланың шылылығына балап, қолды сілтей салады. Бұл екеуі де дұрыс емес. Өйткені, ең алдымен, ұрлық жасалғанын байқасаңыз ескерусіз қалдырмаңыз. Өйткені, бәрі де осы кезде басталады. Дегенмен, 5 жасқа дейінгі балақай ұрлықтың байыбына …

Яндекс.Метрика