Category «Бала тәрбиесі»

Баламды қалай тәрбиелесем болады?

  Біз баламыздың ақылды, білімді, тәрбиелі, мейірімді, бауырмал, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, жауапкершілігі мол, өзіне сенімді яғни, былайша айтқанда СУПЕР бала болғанын қалаймыз. Ал енді өзімізге сұрақ қояйықшы. Біз өзіміз СУПЕР ата-анамыз ба? Ал, енді СУПЕР ата-ана болу үшін не істеуіміз керек? Супер ата-ана болу үшін алдымен өзіңізді тәрбиелеу қажетсіз. Ал, өзіңізді тәрбиелеудің …

Баланы жазасыз тәрбиелеу жолдары.

  Ата-ана баласына балалық шағында қандай сезімдерді көрсеткен болса, бала өмір бойы сол сезімдермен өмір сүреді. Сенбесеңіз, өзіңізді бір зерттеп қараңыз. ✔кейде әр нәрсеге өзіңізді кінәлі сезінесіз бе? . ✔ адамдарға бір істі сеніп тапсыруыңыз қиынға соғып жата ма? ✔ жақындарыңыз тарапынан жеткілікті түрде бағаланбайтын тәріздісіз бе? . ✔ Кейде, көпшілік ортада, ойымды ашық айтсам, …

Бала тәрбиесі жатырда басталады

Жатырдағы сәби, Жатырдағы сәбидің суреті

Бала тәрбиесі жатырда жатқанынан басталады. Бұл — ақиқат. Баланы тек ес білгенінде тәрбиелеу дегеніміз бала тәрбиелеуді көп уақытқа кешеуілдеп алу деуге болады. Жатырда жатқан сәби әлемді қалай қабылдайды? Ең алдымен, сәбидің анасының жатырда жатып әлемді қалай қабылдайтынын біліп алу қажет. Дүниеге келмей-ақ сәбидің есту қабілеті дамиды. 16-шы аптасында-ақ ол анасының тамырлар жүйесіндегі қан айналысының дыбысын естіп …

Мақсат қоя білесіз бе?

Супер балалар

(Брайан Трейсидің The Secrets of Raising Super Kids (Супер балалар тәрбиелеудің құпиялары) кітабынан) Дүниеге сәби әкелу — өміріміздегі ең маңызды оқиғалардың бірі, ал оны жақсы азамат етіп тәрбиелеу — ең жоғарғы жетістіктердің бірі. Жылдар өте келе, балаңызға көп уақытыңызды бөле алмағаныңыз сіздің өзегіңізді өртеуі мүмкін. Мен — төрт баланың әкесімін. Оларды тәрбиелеу барысында көптеп таралған проблемалармен …

Баланы жазалаған дұрыс па?

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» …

Бала күтуші ананы айырбастай алсын ба?!

«Бала — балым, баламның баласы — жаным» деп есептейтін еді біздің бабаларымыз. Немересін баласынан ыстық көретін ата-әжелеріміз бұрындары кішкентай қара домалақтарын бір елі қастарынан тастамай тәрбиелейтін. Жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен. Даланың дана қарттарының қолында бала қай кезде де рухани дүниесі бай, ұлттық намысты жоғары қойып, көпшіл болып өседі. Көргені мен өмірден түйгені көп көнекөз қарияларымыз …

Ерке балалармен қарым-қатынас

Жалғасы. Басы: Балаңыз ерке болса … Қарым-қатынас орнатуға шақыру Дүниеге келгеннен бастап бала ата-ана махаббатына зәру болады. Алайда, оған артық қамқорлық көрсетіліп, артық көңіл бөлінсе, болашақта ол мұны сізге қарсы пайдалануы мүмкін. Көз жасы оның ата-анасын өзіне қарату әдісі болып табылады. Оған ата-анасымен арадағы тығыз байланыс өте қажет. Бірақ әрбір айқайына, көз жасына жүгіріп келіп, …

Тұйық мінезді балаларға арналған жаттығулар

Жалғасы. Басы: Балаңыздың мінезі тұйық болса Баланының мінезі қалай тұйық болады? Баланың психологиялық және эмоциялық күйін Роршах (швейцарлық ғалым) тесті арқылы анықтауға болады. 5-6 жастағы балаларға жүргізуге ұсынылған. Шарты мынандай: бала қағазға орналасқан он симметриялы суреттен (дақ түрінде) кез келген фигураны байқап қалуы тиіс. Тесттің шешімі күрделі, оны маманмен жүргізген дұрыс. Бірақ ата-аналардың да жүргізуіне …

Баланың мінезі қалай тұйық болады?

Сонымен, отбасында өзін жалғыз сезінгендіктен балаңыздың мінезі тұйық болады. Ата-анасының өзімен әңгімелесуден қашатынына, бірдеңені сылтауратып кетіп қалатынына, әңгімесінің қызықсыз екенін ашық айтқанына әдеттенген соң, бала өзінің көңіл күйін, қайғысын білдірмеуге, ішінде сақтап қалуға үйрене бастайды. Ол ата-анасымен сөйлесуге тырыспайды, ал егер одан бірдеңе сұрай қалсаң, қысқа ғана жауап береді.

Балаңыздың мінезі тұйық болса не істеуге болады?

Бала мінезінің тұйық болуының себептері өте көп. Біріншіден, баланың психологиялық ерекшелігіне, жан дүниесінің нәзіктігіне, ішкі әлемінің тереңдігіне, физикалық кемістігіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай бала жалғыздықты қалайды, ол жалғыз өзі ғана істейтін жұмыстарды орындайды. Мұндай жағдайда ата-аналары баласына аса сақ және сергек болуы керек. Сондықтан «оған бірдеңе болды, бір жері ауырып жүр» деп

ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі қандай болуы керек?

Қазіргі заманның балаларын өткен ХХ ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары мен ерекшеліктері Жер мен көктей десек те болады. ХХ ғасырдағы балалар ата-анаға қарсы тұру былай тұрсын, әкесінен қорқатын. Ал, бүгінгі таңда балалар ата-аналарымен жарыса сөйлей кетеді.

«Папа» мен «мама» сөздері жайлы

Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой. 

Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма?

Мақаланың басы: Бала неге өтірік айтады? Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма? Отбасында өтірік айтудың қажеті жоқ жағдайларды қалыптастырыңыз. Егер бала ата-анасына өзінің құпияларын сеніп айта алатынын білсе, оның әрекеттері талқыланып, дұрыс деп қарастырылса, ал жазалану тәрбиелеу әдісі ретінде қолданылмаса, онда өтірік айтудың себебі ешқашан туындамауы мүмкін. Өтірігінің бетін ашып, жазаламас бұрын ең алдымен балаңызды …

Яндекс.Метрика