Monthly archives: Қаңтар, 2012

Баланы горшокқа отыруға үйрету үшін не істеу керек?

Горшокқа отыруды үйретуді біртіндеп бастаған жөн. Үйренуге баланың дайын болғаны өте маңызды. Яғни ересектерге еліктеуге ынтызарлығы оянуы керек. Горшокты қалай таңдау керек? Үйретуді неден бастаған дұрыс? Әрине, горшокты сатып алудан бастаңыз. Оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Сіздің дұрыс таңдау жасауыңыздан баланың бұл затты болашақта қолдану-қолданбау тілегі оянады.

ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі қандай болуы керек?

Қазіргі заманның балаларын өткен ХХ ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары мен ерекшеліктері Жер мен көктей десек те болады. ХХ ғасырдағы балалар ата-анаға қарсы тұру былай тұрсын, әкесінен қорқатын. Ал, бүгінгі таңда балалар ата-аналарымен жарыса сөйлей кетеді.

Бала босанғаннан кейін үй шаруасына қалай үлгеруге болады?

Жаңадан босанған әйел адамы әлсіз, әлжуас және дене мүшелерінің барлығы босап тұрады. Баланы жаңадан қолға алып, оны құшағыңыңызға алған сәтте сізден басқа әлемде бақытты жан жоқ сияқты болады. Бірақ, бала өзіне көңіл бөлгізумен қатар ерекше қамқорлықты талап етеді. Содан түн ұйқының төрт бөлінуі мен үй шаруасы барлығы анаға жүктеледі.

Фетальді алкогольді синдром жайлы не білеміз?

Фетальді алкогольді синдром немесе ұрықтың алькогольді синдромы (басқа атаулары: эмбриональді алкоголь синдромы, фетальды алкогольді салдарлар) — әйелдің жүктілік кезінде және оған дейінгі уақытта алкогольді (құрамында спирті бар) ішімдіктерді тұтыну салдарынан нәресте бойында пайда болатын психикалық және физикалық ақаулардың жиынтық атауы. Мұндай ақаулар алкогольді ішімдіктерден болатын зардаптардың ең қауіптілеріне жатады.

Жүктіліктің екінші триместрі

Бұл кезең жүктіліктің 4-6 айлары аралығын қамтиды. Екінші триместрдің соңында сіздің сәбиіңіздің бойы 30 см дейін өсіп, салмағы шамамен 700 граммды құрайды, сәбидің жынысын нақты анықтауға болады. Бұл триместрді ананысың жатырында жатып, қылық шығаратындардың өздеріне назар аудартатын уақыты деуге болады. Өйткені осы триместрде жатырдағы болашақ сәби қимылдайды, аяқтарымен тебеді. Алғашқы триместрге қарағанда, бұл триместрде болашақ …

«Папа» мен «мама» сөздері жайлы

Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой. 

Жүктілік және оның кезеңдері (жүктіктің үш триместрі)

Алпыс екі тамырын иіп, сәбиін әлдилеуге дейінгі кезең, әсіресе жас аналар үшін жұмбақ та қуанышты, ал баланың дұрыс дамуын қамтамасыз ету — әйелдің басты міндеті. Ананың бойына бала біткенге дейін, бір ай бұрын, жүктілікке дайындалғаны абзал. Дайындалғанда істелетін жұмыстар: имунды жүйені күшейту, темекі шекпеу керек, алкогольді сусындар тұтынуды тоқтату, зиянды әрі жүйкені тоздыратын жұмысты ауыстыру, …

Жүктіліктің бірінші триместрі

Жүктіліктің бірінші триместрі — алғашқы триместр, жүктіліктің 1-12 апталары, яғни 1-3 айлары аралығын қамтиды. Жүктілік кезеңін үшке бөліп қарастырғанда  «триместр» сөзінің қолданылуы өте орынды. Себебі ол «үштен бір бөлігі» дегенді білдіреді, ал кей жердерде кездесетін «жүктілік тоқсаны» тіркесіндегі «тоқсан» сөзіның мағынасы «төрттен бір бөлігі» дегенді білдіреді.

Тұсау кесу (Баланың тұсауын кесу)

Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқішегімен тұсау кеседі.

Гипертермия деген не және оны қалай емдейді?

Гипертермия деген не? Гипертермия — денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі. Бұл құбылыс аурулардың салдары ретінде де болады, бірақ ауруға жатпайды. Гипертермия дене қызуы 37°С-ден жоғары болғанда байқалады, 42,2°С-ге жеткенде адам ес-түссіз күйге енеді. Егер оны уақытылы емдемесе (қызуын түсірмесе), миына зақым келеді.

Ертерек жүкті болудың 7 амалы

Қалай ертерек жүкті болуға болады? деген сұрақ көптеген жас келіншектерді, атап айтсақ, тұрмыс құрғанына 5-6 ай болып, бірақ көтермей жүрген жас келіншектер мен бедеулікке ұшыраған келіншектерді қаттырақ алаңдатады. Енді біз сол сұраққа жауап боларлықтай жеті амалды назарларыңызға ұсынамыз. Олар төмендегідей:

Яндекс.Метрика