Monthly archives: Қаңтар, 2012

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер ету арқылы олардың ұрпақ сүю бақытынан айырылуларына себеп болады не болмаса жүкті болу құбылысын қиындатады. Сондай қиындықтардың бірі — жатырдан тыс жүктілік.

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. Қауіпті індеттерден сақтану, жұққан жағдайда емделу болашақ сәбидің сау болып туылуына себеп болады. Сондай қауіпті індеттердің арасында токсоплазмоз да бар.

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз (сұрақтар)

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз туралы сұрақтар Токсоплазмоз — адамдар мен жануарларда кездесетін жұқпалы індет, теріде қызыл дақ болып шығады. Аурудың Toxoplasma gondii деп аталатын қоздырғыштары негізінен шикі ет өнімдерінде, мысықтарда көп кездеседі. Жуылмаған жеміс-жидектер арқылы да таралуы мүмкін. Жүктілік кезінде токсоплазмоз ауруын жұқтыру ықтималдылығы қандай?

Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы

Азық-түліктен келетін індеттер (инфекциялар) адамның улануына әкеп соғады. Жүктілік кезінде пайдаланылатын азық-түліктің құнарлы болуымен қатар сапалы екендігіне де көңіл бөліңіздер. Олай болмаған жағдайда листериозды инфекция жұғуы ықтимал. Жүкті әйелдер неге бұзылған асқа өте сезімтал келеді?

Сәбидің терісі нәзік әрі сезімтал болады

Алғашқы кезде араласуға болмайды Жаңадан туылғандардың терілері сыртқы ортаға бейімделу үшін бірнеше күнді қажет етеді. анасының құрсағында қағанақ суының ішінде бір қалыпты температура мен қорғайтын ортада туылғанған дейін жатқан сәби жылы, суық, қатты, жұмсақ заттармен жасануға және желді ауа ағынына үйренеді. Оны сыртқы ортаға бейімделу процесі дейміз.

Ашамайға мінгізу

Ашамайға мінгізу — қазақы тәрбиелік мәні бар салт, ұл балаға жасалады. Ашамайға мінгізу ер бала есін біліп, жан-жағын танып, ат үстінде өзін-өзі ұстай алатын жағдайға жеткенде жасалады. Әдетте, 5-6 жасқа толған балаларға жасалады. Иә, ертедегі көшпелі қазақтардың балалары 2-3 жасынан бастап атқа мінген, өз еркімен болмаса да үлкендердің алдында немесе артында отырған. Бірақ 5-6 жастағы балаға жасалатын ашамайға …

Тұмау туралы не білесіз?

Тұмау (грипп) – жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануымен және интоксикация (ағзаны улау) белгілерімен сипатталатын аса жұқпалы инфекциялық аурулардың бір түрі. Аурудың атауы француздың «grippe» – «ұстау» сөзінен туындаған. Біразға дейін аурудың алғашқы атауы инфлюенция (латынша «influre» – «басып кіру» деген мағынада) деп аталып келген.

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек тек психологиялық тұрғыдан ғана өзгерсе, ал әйел сырқы келбеті жағынан да өзгеріске ұшырап жатады. Сәбилі болатыныңызды білген керемет бір күні үйреншікті өміріңізбен қоштасуға тура келеді. Өйткені, жас ана жүктілік кезінде түрлі қолайсыздықтармен кездесері анық. Солардың бірнеше түріне тоқтала кетсек:

Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Францияда емшектерін үлкейткен әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар саны жиырмаға жеткен. Бар мәселе франциялық Poly Implant Prothese компаниясының әйелдердің емшектерін үлкейтуге арналған протезін жасауға пайдаланған материалдың әйел өміріне төндірген қатерінде болып тұр. Аталған компанияның протез дайындау барысында клиникалық тексеруден өтпеген өндірістік заттарды пайдаланғандығы жайлы хабар тарады.

Балаға ат қоюдың 20 түрлі ерекшеліктері

Қазақ халқында балаға ат қоюдың жиырма түрлі ерекшеліктері бар. Олар мыналар: 1. Балаға артық саусағына қарай ат қою есімдері: Артық, Артықбай, Қосекен; 2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою: Жаманбай, Ошақбай, Тезекбай, Итбай;

Сәбиге ат қойғанда неге мән беру керек?

Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.

Яндекс.Метрика