Category «Баланы дамыту»

Сәбидің ақыл-ойының дамуы

Алғашқы аптада сырттай қарағанда сәбидің көзқарасы немқұрайлылықты білдіретін секілді. Бұл – қалыпты құбылыс. Оның кішкентай миы әлі үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдауға дайын емес, сондықтан кейбір таныс емес заттармен бетпе-бет келгенде ол көзін жұмып алады. Алайда 1-2 ай өткен соң-ақ ол жеке заттарға назарын аудара бастайды. Төсегіне ілінген ойыншықтарды ұзақ қарап, мұқият зерттейді. Сіздің бөлмеде ары-бері …

Баланың көз қылилығы туралы

Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы, екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі. Егер сіздің балаңыз 6 айға толып койып, бірақ көзінің қылилығы кетпеген болса міндетті түрде дәрігер-окулситпен кеңескеніңіз жөн. Көп кешіктірмей ем қабылдаған дұрыс болады. Қылилықтың себептері Қылилық – бұл көздің көруін нашарлататын ауру. Қыли көздің бұлшық еттерінің қиысу қызметінің бұзылуы әсерінен пайда …

Баланың қиялдау қабілетін арттыру

Мен 5 жасар баламның қиялдау қабілетінің мүлде аз екендігін байқап жүрмін. Қалай дамытуға болады? Сұраққа Тараз қалалық №23 балабақшасының психолог-тәрбиешісі Әлия Қазыбаева жауап береді. — Фантазия, яғни қиял кез-келген балада жақсы қалыптасқан. Бірақ, оны дамытуды қолға алмағандықтан уақыт өте келе жойылып кетуі мүмкін. Ата-ана баласының алдына түрлі-түсті ойыншықтарды үйіп тастайды. Бірақ, сіз жақсылық жасаймын деп оған …

Сәбилер өздерінің қимылдары арқылы дамиды

Сәбилер тулғаннан кейін алғашқы айлар мен алғашқы жылы өте жылдам әрі қарқынды дамып жетіледі. Мұндай кезеңде Өмір атты кітаптың беттерін енді жаза бастаған сәби ата-анасы тарапынан үлкен жауапкершілік пен жақсы күтімді қажет етеді. Бойында қуат пен ұмтылыс тұнып тұрған сәбилер айналасын танып білуге өте құштар. Қорқыныш, уайым деген түсінік мүлдем жоқ оларда. Батыр да, батыл …

6 айдан 9 айға дейінгі балаларды тәрбиелеу

Бұл уақыттық кезең ата-аналар алдына жаңа міндеттер қояды. Оларға күндіз 3 рет ұйықтататын күн тәртібін ұйымдастыру, сөзді ұғынуын жетілдіру, бірте-бірте сәбимен арадағы қарым-қатынасты қалыптастыру, заттармен ойнауын одан әрі жетілдіру және еңбектеуге дайындығы өздігінен жүрудің алғашқы баспалдағы жатады.

3–5 айлық балаларды тәрбиелеу

Бұл кезеңдегі тәрбиенің негізгі міндеттері: есту және көру қабілеттерін дамыту; дыбыс реакциясын жетілдіру; эмоциялық жағдайларды орнықты ету; қолдың қимылдарын, ойыншықты алып, ұстап тұру қабілетін дамыту; еңбектегенде қажет болатын қимылдарды жетілдіру.

Балалар мен компьютер

Кішкентай балаларға компьютер зиян ба? деген сауал жас баласы бар көпшілік ата-ананы алаңдататыны анық. Енді осы сауал төңірегінде біраз ойланып көрелік. «Қазіргінің балалары компьютер мен ұялы телефонды біліп туады» деген түсінік қалыптасты. Онысы рас та. Әркім өзінің заманына қарай бейімделеді. Ал бейімділік дегеніміз туыла салысымен басталатын табиғи құбылыс. Бала не үшін компьютерге құмартады?

Балаңыз сақау болмасын десеңіз

Логопед

Менін атым Лауан, мамамнын аты Дулдыз. Бүгінгінің баласы сақау болса немесе тілінде басқадай кемшіліктер болса, айналып келіп қоршаған ортаның ластануын себеп етіп шыға келетіндер аз емес. Алайда, қазіргі уақыттағы экологиялық жағдай Кеңес Одағы тұсындағы экологиялық жағдаймен салыстырғанда жақсармаса, нашарлап кеткен жоқ. Қазір бұрынғыдай ақты-қаралы түтіннен будақтаған «бұлттарды» шығаратын ірі зауыттар мен өндіріс орындарының қарасы азайды. …

Яндекс.Метрика