Monthly archives: Желтоқсан, 2011

Босанғаннан кейін етеккірдің келуі және кешігуі

Босанып, сәбилі болып, оны емізетін уақытта етеккірдің келуі кей әйелдер үшін қалыпты жағдай болып табылады. «Емшекте баласы бар әйелдің етеккірі келмейді» дейтін түсінік барлық әйел үшін бірдей емес. Рас, кезінде жүктіліктен сақтанатын гормоналды препаратттар мен босану барысында пайдаланылатын дәрі-дәрмектер жоқ еді. Барлық тұрғыдан алғанда әйелдер табиғи жолмен босанды. Сол уақыттарда емшекте баласы бар әйелдерде етеккірдің …

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Эндометриоз деген не? Эндометриоз (эндо – ішкі; метра – жатыр) — жатырдың эндометрий қабатындағы (жақсы қанданатын, циклды түрде жаңарып тұратын жатырдың ішкі шырышты қабаты) жасушалардың жатырдан тыс жерлерде (мысалы: жатыр түтігінде (фаллопий түтігі), жатыр мойнында

Кішкентай сәбилердің гигиенасы

Кіндігіне күтім жасау Сәбидің алғашқы күндері кіндігі – сипаты жағынан жазылып келе жатқан жара тәріздес, үнемі назарда ұстап отыру қажет. Егер кіндігі қызарып, ісіп кетсе, оған инфекция түсуі мүмкін. Ал егер дүрдиіп, аздап көкшіл тартып тұрса, бұл – кіндік жарығының белгісі. Екі жағдайда да уақыт оздырмай дереу дәрігерге қаралған жөн. Кіндікті қалай тазалау керек? Инфекция түспес …

Нәрестеге қатысты қауіпсіздік ережелері

Шамамен 9-10 айдан соң бала өз бетімен төсекке сүйкеніп тұрып, айналасындағы заттармен танысып, бөлме ішін шарлай бастайды. Сол себепті кейбір қауіпсіздік ережелерін сақтауға тырысыңыз: перде ілініп тұрған карниздердің мықтылығын, шкафтардың тербеліп тұрмайтындығын, электр тоқтарын тексеріңіз, ванна мен туалеттегі құлыптарды сәбидің қолы жетпейтіндей етіп бекітіңіз. Сонымен қоса, өзіңіздің және жақындарыңыздың да төмендегі бірнеше ережелерді қатаң сақтауын …

Сәбидің ақыл-ойының дамуы

Алғашқы аптада сырттай қарағанда сәбидің көзқарасы немқұрайлылықты білдіретін секілді. Бұл – қалыпты құбылыс. Оның кішкентай миы әлі үлкен көлемдегі ақпараттарды қабылдауға дайын емес, сондықтан кейбір таныс емес заттармен бетпе-бет келгенде ол көзін жұмып алады. Алайда 1-2 ай өткен соң-ақ ол жеке заттарға назарын аудара бастайды. Төсегіне ілінген ойыншықтарды ұзақ қарап, мұқият зерттейді. Сіздің бөлмеде ары-бері …

Бала мұңая ала ма?

Біз балалардың әрдайым көңілді, шат-шадыман, ойыннан басқа алаңы жоқ деп есептейміз. Олардың ұрты салбырап, бұртия қалса, тек еркелікке балап, мән бере бермейміз. Бірақ, Тараз қалалық №23 балабақшаның бірінші санатты психологы Әлия Қазыбаеваның бұған айтар уәжі бар. Бала неге мұңаяды?— Кейде біз бір әріптесіміздің, көршіміздің, құрбымыздың тез құбылатын мінезіне қарап, «бала сияқты» деп сипаттап жатамыз. Бұл неден …

Жаңа туылған сәбиге қажет киім-кешектер

Жаялықтар. Сәбиіңізді жаялыққа орағыңыз келмесе де, ол сізге қажет болады: дәрігерге қаралуға барғанда, сәбиіңізді жуындырғанда, оған массаж жасағанда. Оларды көптеп алып қойған жақсы, 5-6 жұқа және 5-6 жылысын (фланельден тігілген). Итжейделер (распашонки) – кем дегенде 4 жеңіл және 4 жылысын (фланельден тігілген). Ползункилер – 8 жұптан жұқасы мен жылысын. Чепчиктер – 2 жұқа, 2 жылы. …

Балалар аяқкиіміне күтім қажет

Балалардың аяқкиіміне де ересектердікі секілді күтім қажет. Әдетте, балалар көп жүгіріп, көп секіреді. Одан бірінші кезекте «зардап шегетін» аяқкиімдері болғандықтан, оны таңдауды ғана емес, ары қарай сенімді түрде «қызмет етуіне» көмек беруіміз қажет. Өйткені, 10 жасқа толмаған балалар өздігінен аяқкиімдеріне күтіммен қарай алмайды. Сондықтан, ауыр жүктің бәрі сіздің мойныңызға артылады. Ондай жағдайда біздің кеңесіміз бір …

Нәрестенің физикалық дамуы

Дүниеге келгенде баланың салмағы орта есеппен 3-тен 4 кг-ға дейін, ал бойларының ұзындығы 45-50 см болады. Бірақ бұл көрсеткіштер нақты емес, кейбірінің салмағы аз, не бұдан артық болып туылады. Шамамен, өмірінің алғашқы жылдары сәби 7 кг салмақ қосады, бойы 25 см-ге өседі. Бала денсаулығының ең маңызды көрсеткіші – оның дене құрылымының үйлесімділігі. Сәбилердің дене құрылысы ересектердікінен …

Сәбиіңіздің алғашқы ыдыс-аяқтары мен төсек жабдықтары

Бала есейген сайын тамақтануы үшін ыдыс-аяқтар да көптеп қажет болады. Емізігі бар бөтелке. Бүгінгі күні сәбилерге арналған бөтелкелерді қауіпсіз, жоғары температураға төзімді (120°С) пластиктен жасайды. Ішіндегі ең қолайлысы – аузы кең, цилиндрлік пішіндегі бөтелке. Оны жуғаныңызға оңай болады. Құрғақ қоспалардан тағам дайындарда немесе шай құйғанда сіз ештеңені төгіп алмайсыз. Ал ойдан шығарылған ортасында саңылауы бар құтының …

Омырау тазалығы

Сәбиін омырауымен емізетін әйел үшін омырау тазалығын сақтау өте маңызды. Сондықтан тазалық жөнінде қиын емес бірнеше ережелерді сақтау сәбидің қолайлы тамақтануына, емізген кезде ауырсыну сезімдерін болдырмауға, төсіңіздің жақсы кейпін сақтап қалуға көмектеседі. Еш уақытта омырауыңызды жөкемен (мочалка) ысқыламаңыз. Сонымен бірге, гигиеналық шаралар үшін дәстүрлі косметикалық заттарды қолдануға болмайды, яғни омырауды кір сабынмен, иіс сабынмен немесе …

Сәбиін емізетін ананың тамақтануы

Тамақтану, сапалы азық-түлік

Жүктілік кезінде әйелдің салмағы шамамен 10-12 кг-ға артатынын сіздер білесіздер. Босанған соң бірден баланың, жолдастың және ұрық маңайындағы судың салмағының есебінен бұл көрсеткіш 4,5-6 кг-ға азаяды. Осылайша, қалған 6-8 кг. қор сақталып қалады, оның 2/3-і – босанған соң ағзаны қосымша энергиямен қамтамасыз ететін май қабаты. Ең алдымен бұл қорлар сүт шығару үшін қажет. Сондықтан сәбиін …

Табиғи босанудан кейінгі әйелдің жағдайы

Табиғи жолмен босанған соң бірнеше күн бойы, тіпті бірнеше апта бойы әйел бойында кейбір қолайсыздықтар сезіледі. Қынаптан қанды іріңнің бөлінуі (лохия) баланың жолдасы ажыраған кезде жатырдың шырышты қабатының зақымдануынан болады. Босанған соң алғашқы екі-үш күнде етеккірдің алғашқы күніндегідей іріңді бөлініс өте көп мөлшерде және ашық түсті болады.

Яндекс.Метрика