Category «Ресми блог»

Жаныңызда жүруі тиіс 7 дәрі

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеңіздер. Ауыра қалсаңыздар, мына дәрілер жаныңыздан табылсын. 1. Парацетамол Парацетамол – әлемдегі ең әйгілі дәрі. Бұл дәрі негізінде Панадол, Эффералган секілді бірнеше дәрі шығарылады. Парацетомол бас, тіс ауруын басатын, сонымен қатар қызуды түсіретін дәрінің түрі. Оны кішкентай балалар да, ересектер де тұтынуға болады. Алайда ол бауыры ауыратын адамдарға кері әсерін …

Ең сұлу әйел – аяғы ауыр әйел!

Жүктілік кезең – бала тәрбиесі тұрғысынан маңызды кезеңдердің бірі. Себебі, қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша, баланың мінез-құлқының кейбір тұстары осы кезеңде қалыптаса бастайды. Гинекология саласының мамандары: «Іште жатқан сәбидің қимылдары анасының қуанғанына немесе қайғырғанына қарай өзгереді. Анасы мұңайғанда қимылсыз жатқан сәби, анасы қуанғанда жыбырлап қозғала бастайды. Осылайша сәби жатырда жатқан кездің өзінде анасының психологиялық күйіне қарай …

Жоғары қан қысымынан арылудың жолдары

Жоғары қан қысымын болдырмаудың жолдарын қарастырайық… Асқабақ және лимон. 2 лимон, 1 кг асқабақ, 1 кг қант. Асқабақтың етін (мякоть) және лимонды қабығымен еттартқыштан өткізіп, қант қосып араластырамыз. Тамақтанудан алдын 1 ас қасық қабылдау қажет. Тоңазытқышта сақтаңыз. Қанттың орнына балды қолдансаңыз тіпті жақсы. Сарымсақ және алма сірке суы. 1 түйір (зубчик) сарымсақ, 1 шай қасық …

Анардың пайдасы

1. Халық медицинасы анардың жемісі ғана емес, жапырағын, қабығын, тамырын да емге қолданады. Мәселен, бала емізіп жүрген ананың омырауы жарылып, тілінетін болса, анар жемісінің қабығын ұнтақтап, жарыққа себеді. Жасушаларды біріктіруші дәрі ретінде анар гүлінің бір шай қасығын 150 г қайнап тұрған суға салып, бір сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы 50-60 грамды астан 40 минут бұрын …

Тіл алғыш бала тәрбиелеу үшін

Баланың үлкенді тыңдауы, тіл алғыш болуы тәрбиеден басталады. Тәрбие заңына бағынған бала мәдениеттің не екенін түсінетін болады. Ал бала тіл алмаса не істеу керек? Балаңыз даладан келгенде киім-кешектерін жинағанын қаласаңыз, мына әдіске жүгініңіз. Бала көріп үйренеді. Сол үшін өзіңіз даладан келгенде киімді қалай жинау керегін бір рет көрсетіңіз. Келесісінде шкафтың ішіне киімдерді жинау нұсқаулығын мынадай …

Вирустар баланың ішегінде туылғаннан бастап өмір сүреді

Луис штатындағы Вашингтон университетінің ғалымдары нәрестелер туылғаннан кейін көп ұзамай ішектерін колонизациялайтын бактериялардан басқа, баланың ас қорыту жүйесіне де вирустар енетіндігін анықтады. Ғалымдар олар денсаулық үшін маңызды микрофлораны сақтау үшін қажет деп мәлімдеді.   Зерттеу барысында мамандар туылғаннан екі жасқа дейінгі сегіз баланың нәжіс үлгілерін зерттеді. Туғаннан кейін 1-4 күн өткен тесттерде де вирус штамдары …

«Инфантильность» деген не?

Қазіргі уақытта мойнына жауапкершілікті жүктегісі келмейтін, әйелінің тапқанын жақсы көріп, жұмыс жасамай, үйде отыратын ер кісілерді, бала туып, оны өсіріп, қиындығы мен қызығын бірге көруден жалтарып, балаларын тастап кететін әйелді немесе өзін қорғансыз ретінде көрсетіп, балаларына жас кезінен жұмыс жасатып,бірден ересек балаға айналдыратын «бала – ата-аналарды» кездестіреміз. Иә, осыларды, инфантильді-жетілмеген (незрелый) ересектер деп атаймыз. Ал, …

Бала агрессиясы туралы туындаған 5 миф

  Бала агрессиясы – бұл ата-аналардың пікірінше ең қиын мәселелердің бірі. Себебі, бала агрессия танытқанда ата-анада ұялу, өз-өзінің аналық міндетін дұрыс атқара алмадым деген ой туындайды.  Алдарыңызға бала агрессиясы жайлы 5 миф пікірді алдарыңызға ұсынамын: 1. Бірінші миф-бала агрессия танытқан болса, оны «ой анаған тартқан, мынаған ұқсаған,»- деп генге кінә артып қоямыз. Немесе бала сондай қырсық …

«Эмпатия» деген не?

Сіздің балаңыз сыныпта үштік баға алып келді немесе бір нәрсеге қобалжулы болсын делік. Сіздің балаға деген реакцияңыз қандай болады? Балаңызға: «ештеңе етпейді, қобалжыма, онда тұрған ештеңе жоқ, несіне майда-шүйдаға бола ренжисің, бәрі жақсы болады»,- деп айтамыз. Осыдан кейін балаңыз екінші рет сізге өз шағымын айтып келмейді. Неге? Бұл жердегі ата-ананың басты қателігі – баланың сезімін …

Жазда іш өту болмас үшін…

Жаз айында іш өтудің алдын алудың еш қиындығы жоқ. Бар болғаны келесі қарапайым ережелерді сақтаңыз: ✓Тамақтанардан бұрын, даладан кіргеннен кейн міндетті түрді баланың қолын жақсылап жуу қажет. Ішек инфекцияларының қоздырғыштары дəл осы лас қолдар арқылы жұғатынын естен шығармаңыз. ✓Инфекция қоздырғыштары тағам түрлері арқылы жұқпас үшін, барлық көкеністер мен жемістер жақсылап жуылуы қажет. Сүт, ет тағамдары …

Балаға жоғары температурада қалай көмектесу керек?

Егер нәрестеде созылмалы созылмалы аурулар болмаса, термометр көрсеткіштеріне емес, баланың әл-ауқатына назар аударған дұрыс. Ең алдымен, баланың өзі не қажет екенін қадағалап отыру керек: егер температура тез көтерілсе, ол жарқырап қалса, сізге жылы киім, көрпе және ыстық сусынның көмегімен жылуға тез жәрдем беру керек. Температура максималды деңгейге жетсе, салқындау өтеді, ал баланың терісі жиі біраздан …

Авокадо

Авокадоның ең маңызды пайдасы: 1. Қан қысымын бір қалыпта ұстайды. 2. Сүйектерді бекітеді. 3. Арықтауға көмектеседі. 4. Көздің жақсы көруіне септігін тигізеді. 5. Есте сақтау қабілетін жақсартады. 6. Холестеринді түсіреді. 7. Ағзаны жасартады. 8. Глюкоза бір деңгейде болады.

Азық-түлікті тоңазытқыш көмегінсіз қалай сақтаймыз?

  1. Нан тез құртылмас үшін нан салғышқа нанмен бірге шикі картопты салып қоямыз. 2. Банан тез қарайып, жұмсарып кетеді. Ол үшін банан сыртына фольгамен орап қоямыз. 3. Ірімшік ұзақ уақыт балғындығын жоғалтпас үшін ыдысқа ірімшікпен бірге бірнеше тілім қантты саламыз. Ыдысымыз пластикалық жəне қақпағы болуы керек. 4. Сүт құртылып кетпес үшін, сүтке тұз қосу …

Яндекс.Метрика