Category «Ресми блог»

Тауық етінен жасалған салат

Мұнда тауық еті, балдыркөк, алма және жаңғақтың белгілі үйлесімі, ерекше ингредиенттермен толтырылады. Бұл салатты дайындау үшін суға пісірілген 4 тауық еті, 3 тал пияздың жасыл сабағы, 6 балдыркөк сабағы, ½ қияр, 1 стақан пекан жаңғағы, 1 «Грэнни Смит» алмасы, ½ лимон, 1 стақан кептірілген мүкжидек, 6 ас қасық жеңіл майонез, дәміне қарай тұз және бұрыш, …

Қазақша кукси

Құрамы: кеспе (спагетти); ет пен пияз; көкөніс салаты (қырыққабат, сәбіз, сарымсақ, дәмдеуіштер, сұйық май); томат, тұз. Дайындалуы: Алдымен қазанда етті қуырып аламыз, оның үстіне пиязды турап саламыз. Жартылай қуырылған соң томат пен тұз салып, дәмдеуіштермен дәмін келтіреміз. Жақсылап қуырылған соң үстіне қайнаған су құйып, жәй отта ұстаймыз. Осы уақытта көкөністен салат дайындаймыз. Ол үшін қырыққабат …

Туберкулез деген не?

Туберкулёз — туберкулездің микобактериялары (туберкулез таяқшасы) арқылы туындайтын инфекциялық ауру, әдетте өкпе қабынып, сонымен бірге сүйек пен буындарға, көз, тері, несеп мүшелеріне зиянын тигізеді. Оның ашық және жабық түрі болады. Ашық түрі қоршаған ортаға қоздырғыштар таяқшаларын бөледі, ал жабық түрінде қоздырғыштар бөлінбейді.

А дәрумені және оның жүкті әйелдерге зияны

А дәрумені — біздің ағзамыз үшін ең қажетті дәрумендердің бірі. Бұл дәрумен жануарлардың бауырында көп болады. А дәрумені алғаш рет сәбізден алынған. Сол себепті ағылшынның «carrot (сәбіз)» сөзінен А дәрумендерінің тобы – каротиноидтар деген атау алды. Каротиноидтар өсімдіктерде, кейбір саңырауқұлақтардың құрамында болады, ағзаға түскенде олар А дәруменіне айналады. Каротиноидтардың бес жүзге жуық түрі белгілі.

Жүктілік кезіндегі көз ақаулары мен аурулары

Аяғы ауыр әйелдерде түрлі себептерге байланысты көздің ақаулары мен аурулары пайда болып жатады. Мысалыға,  жақыннан көргіштік (миопия), көздің құрғап кетуі, көздің мөлдір қабығының аурулары, көз жүйкесінің зақымдануы, көздің қан қысымы және т.б. Мұндай қиындықтар қалыпты және патологиялық жүктілік жағдайларында да кездеседі.

Жүктілікті анықтау тесті

Қазіргі таңда кез – келген әйел өзінің жүктілігін қарапайым тест арқылы анықтай алады. Тестте екі жолақ (сызықша) арқылы жүктіліктің бар екенін анықтауға болады. Медицина тарихында алғашқы тест 1971 жылы шыққан. Алайда бұл тесттің жауабы тек екі сағаттан соң белгілі болатын. Осылай жылдар бойы тесттердің дәлдігі, сенімділігі мен жылдамдық көрсеткіштері жақсара түсті. 1988 жылы алғаш рет …

Сәбидің тырнағын қалай алған дұрыс?

Кішкентай ғана нәрестенің тырнағы көп ұзамай-ақ өсіп кетеді. Тырнағы жұмсақ болса да бет-ауызын тырнап алуы мүмкін. Сондықтан кішкентайыңыздың саусақтарындағы тырнақтарының өсіп кеткенін байқасаңыз, оларды алып тастаңыз. Немен аламыз? Тырнақты алу үшін арнайы қайшы немесе тырнақалғышты пайдалануға болады.

2011 жылғы ең таңдаулы есімдер

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, 2011 жылы елімізде дүниеге келген нәрестелерге берілген есімдердің ең таңдаулылары ұл балалар үшін Ерасыл, қыз балалар үшін Кәусар. Таңдаулы есімдердің алғашқы ондығын мынадай есімдермен толыққан: Ұл балалар: Нұрислам, Әлихан, Нұрасыл, Мирас, Санжар, Артем, Никита, Арсен, Нұрсұлтан. Қыз балалар: Айару, Інжу, Аружан, Аяулым, Мадина, Айша, Диана, Айзере, Жанерке.

Балаңыз ерке болса не істеу керек?

Көз алдыңызға мынандай жағдайды елестетіп көріңізші: сіз жұмысқа асығыс жиналып жатырсыз, ал сіздің сүйікті балаңыз себепсізден-себепсіз еркелеп, жылап, есерлене мінез көрсете бастайды. Сіз не істеріңізді білмей, дал боласыз. Немесе бала тамақ ішуден бас тартады, айқайлайды, қасықты лақтырады, тыныштандырамын деп жасаған әрекетіңізден ешқандай нәтиже шықпайды. Кейде бала ұйықтамаймын деп те қиғылық салады. Тіпті түннің ортасында айқайлап …

Тар жамбас жағдайындағы жүктілік және босану

Жамбас сүйегінің кіші (тар) болуы жүктілік пен босану кезінде біршама қиындықтар тудырады. Табиғи жолмен босану мүмкін болмағанда, кесар тілігі арқылы босануға тура келеді. Тар жамбас ұғымының екі түрлі мағынасы бар:

Яндекс.Метрика