Category «Ресми блог»

Жүктілік кезінде тұзды тағамдар пайдалану зиян емес пе?

Жүкті әйелдер жиі тұздан бас тарту туралы кеңес естиді – натрий хлориді ісіну, қысымның артуы және токсикоздың көріністері деп айыптайды. Шынында да, тұзды шамадан тыс тұтыну осы және басқа асқынуларға толы. Дегенмен, тұзды теріс пайдаланудан гөрі тұзсыз диетаны жеуге болмайды. Тұз дененің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет: ересек әйелдерге күніне 2000-нан 4000-ға дейін миллиграмм тұз …

Жүктілік кезінде полихидрамиоз және судың жетіспеушілігі дегеніміз не?

Ұрық ананың құрсағында болғанда, ол амниотикалық сұйықтықпен қоршалған. Бұл сулар амниотикалық сұйықтық деп аталады. Оның құрылымына сәйкес ол биологиялық функциялары бар ашық сары сұйық орта болып табылады. Сұйықтық әрдайым жаңартылып отырады, себебі нәресте оны жұтып, содан кейін босатады. Амниотикалық сұйықтық нәресте үшін қолайлы жағдай жасайды және сыртқы зақымдан – соққылардан немесе кенеттен қозғалыстан қорғайды. Сондай-ақ, …

Ағзаңызды тыңдаңыз!

Майлыны жиі жегіңіз келсе, сізге кальций жетіспеуі мүмкін. Ірімшік, күнжіт, броколли жеуге кеңес береміз. Тəттіні көп жегіңіз келсе, магний жетіспейді. Тəттінің орнын жаңғақ, қарақұмық жармасы, қызылшаға алмастырыңыз. Тұздыны жегіңіз келсе, хлорид жеткіліксіз. Ол үшін балық, жаңғақ, сүт ішу керек. Қуырылған тағамдарды жиі жеуге тартса, көміртек жетіспеуі мүмкін. Жеміс-жидектерді көбірек жеңіз.

Бала текті болуы үшін…

Қазақта ТЕКСІЗ деген сөз, өте ауыр сөз болып саналады. Тарихқа үңілсек, 90% ТЕКТІ тұлғалардың АНАЛАРЫ ТЕКТІ болған. Менің көңілім толмайтыны, қазір онлайн түрде семинар, тренингтер өткізіп жүрген ханымдардың кейбірі (бәрі емес), қыз-келіншектерді адастыруда. Өзіңді ұмыт, «ниже плинтуса» төменде дейді. Күйеуіңе қызмет ет, аяғын жуу т.б дейді. Әйел еркектен бір саты төмен тұру керек. Бұл дұрыс. …

Баланы қалай қызықтыруға болады?

Қазіргі кезде көп ата-ана «Баланы қалай қызықтыруға болады?» деп ойланады. Көп жағдайда үйде балаға қайта-қайта айтып отырғанның өзінде, бала сол тапсырманы орындамауы мүмкін. Ал қашанғы балаға дауыс көтеріп отыруға болады. Осы орайда балаға дауыс көтермей қызығушылығын оятуға болатын мысалдарды сіздермен бөлісуді жөн көрдік. Қазір баланы бір нәрсеге қызықтыру қиынның қиыны. Мейлі сабақ орындау болсын, мейлі …

Сізге керек 7 кеңес!

1. Спортпен жиі айналысыңыз. Спорт – энергияны, көңіл-күйді көтереді. Спортпен жаттығу залында немесе үй жағдайында айналысуға болады. Ерінбесеңіз болғаны. 2. Тəулегіне 7-8 сағат ұйықтау керек. Ерте ұйықтауға тырысыңыз. 3. Аш қарынға су ішуді əдетке айналдырыңыз. Суға лимон немесе бал қосып ішуге болады. 4. Таңғы ас, түскі жəне кешкі асты уақытысында міндетті түрде ішіңіз. 5. Нан …

Күйзелістен арылудың жолы

Бірде профессор оқушыларына күйзеліс туралы сабақ өтуде. Ол стақанға су толтырып, оқушыларынан сұрайды: «Қалай ойлайсыңдар, мына су толтырылған стақанның салмағы қанша?» Оқушылар «20 мен 500 грамм арасында » деген жауаптар айтады. Одан кейін профессор былай деді: Стақанның нақты салмағы маңызды емес. Өйткені оның қиыншылық тудыруы, стақанды қолда қанша уақыт ұстап тұрғанына қарай өзгереді. Егер мен …

Балаңызбен шынайы қарым – қатынасыңыз қандай?

  Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі -балаларымызбен қарым -қатынасымыз екені даусыз. Жұмысты, уақытты, ақшаны т.б сылтауратып баламызға жеткілікті көңіл бөлмейтініміз рас. ✔Баланың кез -келген болашақ жетістігі үшін де, ✔өзіне сенімділігі үшін де, ✔ мектептегі үлгерімінің жақсаруы үшін де, . ✔өзіне тән ішкі потенциалының ашылуы үшін де, ✔ кейбір сізге белгісіз ішкі психологиялық түйткілдерінің шешілуі үшін …

Бала сөз арқылы қалыптасады

«Сөз – тәрбие негізі» демекші бала сөзбен тәрбие алады. Себебі баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Барлық ата-ана баласына мақтауды да, даттауды да сөзімен білдіреді. Бала психологиясы жағымсыз, жаман әсерлерден тез жараланғыш келеді. Кейде балаға айтылған балағат сөздер немесе ашу үстінде аңдамай айтылған бір ауыз сөздің бала санасына қаншалықты ауыр соғатынын байқамай жатамыз. Ал …

Бризоль

  ?‍?сізге керегі?‍? (менен 13 бризоль шықты) ?Сиыр етінің фаршы – 800 гр ?Жұмыртқа – 10 дана ?Майонез ?Қызанақ – 2 үлкен ?Сарымсақ (чеснок) – 3-4 шт ?Қияр – 1 дана ?Сыр ?Бұрыш,тұз ?Сұйық май – қуыру үшін Дайындалуы: фаршты еттартқыштан 2-3 мәрте өткізесіз. Бір ыдысқа фаршты 1 жұмыртқа,тұз,бұрышын салып араластырасыз. фаршты 10 немесе 13 …

Сүзбелі қарақаттан көже дайындау

Құрамы: 100 грамм қара қарақат, 2 кесе су, 2 ас қасық қант, шай қасықтың 1/2 бөлігіндей крахмал, үзбе үшін – 100 грамм сүзбе, 1 жұмыртқа, 2 шай қасық қант, 1 ас қасық бидай ұны. Дайындау процессі: Жақсылап іріктілген қара қарақат жуылады. Ағаш қасықпен әбден езіліп, сөлі алынады. Сығынды кастрюльге салынып, үстіне ыстық су құйылады. Қайнатылып, …

Кәкәрім көже

Құрамы: 3 кесе тәтті айран, 1 көк пияз, ас қасықтың 2/3 бөлігіндей қызыл бұрыш, 3 кесе ыстық су, тұз татымына қарай. Дайындау процессі: Айранға жұқалап сақиналап туралған пияз, тұз, қызыл бұрыш қоса отырып аралатырады. Үздіксіз араластыра отырып, үстіне сарқылдап қайнап тұрған су қосылады. Содан соң ыдысқа құйып, дастарқанға әкелуге болады.

Лосось, қара бүлдірген және мандарин қосылған салат

Бұл дәстүрлі отырыстардан шаршап, мерекені шағын адамдармен атап өтуді жоспарланған адамдар үшін таптырмайтын жеңіл салат. Лосось, қара бүлдірген және мандарин қосып жасайтын салатқа 2 стақан шпинат жапырақтары, 200-250 грамм пісірілген лосось, 2 мандарин, ½ стақан қара бүлдірген, ¼ стақан туралған жасыл пияз, ¼ стақан асқабақ тұқымы қосылады. Ал тұздық жасау үшін 1 лаймның шырыны, 1 …

Яндекс.Метрика