Category «Балалар әлемі»

Ойыншығың қандай, балақай?

Ойыншық — баланың серігі. Бүлдіршіндер ішкі сырларын ойыншығымен бөлісіп, сырласады. Бірақ сауда айналымындағы ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы мардымсыз. Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі мамандарының  мәліметіне жүгінсек, өткен жылы сауда орындарында токсикологиялық зерттеуге алынған 435 ойыншықтың 25-і талапқа сай келмеді. Ойыншықтарда адам төзгісіз иіс бар және формальдегид қосындысы мен толуол сұйықтығының құрамы мөлшерден артық…

Тәй-тәй, балапаным, келе ғой!

Сәбиіңіздің аттаған алғашқы қадамдары – жаңа өмірге басқан қадамы. Бұл – ата-ана үшін үлкен қуаныш, айтып жеткізе алмайтын бақыт. Қашан? Бұл сұрақ көптеген ата-аналарды мазалайтыны белгілі. Кейде сәбиі тым белсенді болса, ата-аналар ерте жүріп кеткендігіне уайымдай бастайды (бұл баланың әлі қатаймаған аяқтарына зиян болуы мүмкін деп ойлайды). Ал кейбірі керісінше, сәбиінің тез қадам басқанын қалайды, …

Ағзаны құрғап кетуден сақтау. Мұрынның қанауы

Жалғасы. Басы: Балаңызды күннің көзінен қорғаңыз Ағзаны құрғап кетуден сақтау. Ересек адамдардың денесі 70-80%-ға жуық судан құралған, ал жаңа туылған нәрестенікі – 90%. Су ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның мөлшерінің тіпті 5%-ға азайып кетуі денсаулыққа зиян, ал 15-20%-ға азайса, өміріне қауіп тууы мүмкін. Себебі: сұйықтықтың ағзаға аз мөлшерде түсуі немесе ағзадан өте тез

Итарбаның (ходунок) пайдасы мен зияны

Итарбаның балаға зияндығы не пайдасы туралы бала дәрігері (педиатр) мен сынықшы (ортопед) мамандар арасында бірыңғай пікір жоқ. Сондықтан бұл құрылғыны қолдану туралы соңғы шешімді ата-ана өзі қабылдайды. Ал біз сіздің назарыңызға осыған қатысты ақпараттар мен сарапшылардың пікірін ұсынғымыз келіп отыр: Ата-ана неге қорқады? Табанын дұрыс қоя алмайды. Ұзақ уақыт қолдану аяқтарының

Балаңызды күннің көзінен қорғаңыз

Күннің көзі балаңызға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан біз сізге жаз айларында ыстықтан қорғанудың жолдары туралы кеңес бермекшіміз. Ыстықтан алған соққы — бұл ағзаның қызып кетуінен, көбінесе, басынан күн өтіп кеткеннен (күн шуағының тікелей басқа түсуі, есінен танып, құлап қалуы мүмкін), ыстықтан әлсіреу (ыстықтан алған соққының жеңіл түрі, бірақ есінен танып құламайды), ыстықтан тырысу (дененің бір …

Балаңыздың алдында айтылмайтын әңгімелер

«Ол әлі кішкентай, ештеңе де түсінбейді», – деп ойлайды көп ата-аналар. Сөйтіп, балаларының алдында көршілері, мұғалімдері, туыстары, таныстары туралы неше түрлі жаман әңгімелер айтып отыра береді. Бірақ бала әңгіменің мәнін түсінбеуі мүмкін, үлкендердің айналасы туралы айтылған «қызықты» әңгімелері мен пікірлерін есінде жақсы сақтап қалады. Содан соң, көпшілік жиналғанда немесе қонаққа барғанда, магнитофон жазбасы сияқты, сөзбе-сөз, тіпті, ата-анасының …

Балалар бойындағы қорқыныш пен үрей

Жалғасы. Басы: Кішкентайыңыз неге қорқақ? Балаңыздың бойында өлім алдындағы қорқыныш сезімі бар-жоқтығын қалай анықтауға болады? Кей жағдайларда бұл қорқыныш сезімі басқа сипатта байқалады: шабуылдан, аурудан, табиғат апаттарынан (су, от, өрт) қорқу. Бұл үрей үлкендерге де тән, бірақ аздап қана. Бұл көп жағдайда ертегі кейіпкерлерімен байланысты. Мысалы: оттан қорқатын себебі — аузынан от шашатын үшбасты айдаһар туралы …

Кішкентайыңыз неге қорқақ?

Баланың қорқыныш сезімі – бұл не? Ұйқысының бұзылуы немесе басқа психикалық ауру ма? Мүмкін, балаңыздың қыңырлығы шығар. Әлде баланың үлкендердің назарын өзіне аудару үшін ойлап шығарған жалған ойы ма? Енді бізге осы сұрақтарға жауап іздеу қажет. Ол үшін бұл мәселелер байсалдылықты қажет етеді. Баланың қорқыныш сезімін түсіну дегеніміз оның сол қорқыныштан құтылуына көмектесіп, өзіне деген сенімін …

Балаңызбен ақылдасыңыз

Құрандағы аяттардан баланы болашақ өмірге даярлау барысында үлкендердің үнемі оған ақыл-кеңес беруі, тәрбиелеуі ғана емес, сонымен қатар онымен ақылдасып, пікірін сұрап отыру керектігін де көреміз. Бұл әрі ата-ананың баласына қаншалықты мән беретіндігін көрсетеді. «Саффат» сүресінде Ибраһим (а.с.) пайғамбар мен ұлы Исмаил (а.с.) арасында болған

Күннен қорғану. Күн сәулесінен қорғайтын кремдер

Күннен қорғанудың ең тиімді жолы — көлеңке. Көлеңкелі жерде жүріп-тұру арқылы күн көзінен оңай қорғануға болады. Жасы екіден төмен балалардың денесінде ультра-күлгін сәулелерден (мысалы: күн сәулесі) қорғану қасиеті болмайды. Сол үшін көлеңкелі жерде де балаларды жалаңаш алып жүруге болмайды. Басына күн сәулесін өткізбейтін баскиім, балалар арбасына (коляса) шатыр керек. Бала деген байлап қоятын ит емес, …

Балалар арасындағы сүйек-буын туберкулезі

Бұрындары сүйек туберкулезі деген сөзді ілуде біреу болмаса, ести бермейтінбіз. Алайда,соңғы кездері халық арасында құрт ауруы деген атпен белгілі дерт қанатын жайып келеді. Сондықтан, балалар сүйек туберкулезі туралы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының дәрігері Жанат Асқаровадан егжей-тегжейлі сұрап білуді жөн көрдік. Балалар сүйек туберкулезі деген не? Ол қалай таралады? Балалар сүйек буын туберкулезі өте ауыр …

Яндекс.Метрика